ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАРАМДЫ ЖЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ҚАЖЕТ

18:23, 4 маусым 2019

Облысымызда ауыл шаруашылық мақсатында берілген жерлер қаншалықты ұтымды пайдаланылуда? Жерлерді бөлшектеп берудің талабы қай деңгейде сақталып отыр? Олардың құнарлығын арттыру бойынша қандай шаралар қолға алынбақ? Бұл мәселелер бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен  өткен жиында жан-жақты қаралды. 

Облыс әкімдігінің жерлерді   пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының мәліметіне сүйенсек меншiкке немесе пайдалануға берiлетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерi  165 гектардан кем болмау керек. Бұл 2012 жылы облыс әкімдігінің қаулысы және  облыстық мәслихаттың шешімі негізінде  белгіленген көрсеткіш. Алайда, бұл талап өз деңгейінде сақталып отыр дей алмаймыз. Бұл орайда ауыл шаруашылық жерлерін бөлшектеу арқылы заңсыз тұрғын үй құрылысын жүргізіп отырғандар да жоқ емес екен.Өңір басшысы бүгінде өңірімізде суармалы егістік алқаптарын арттыру бойынша көптеген шаралар қолға алынып, нақты жұмыстар атқарылып жатқанын баса айтты. Алайда, жоғарыдағыдай келеңсіз мысалдар осы орайдағы бастамаларға кедергі болып отырғанын тілге тиек етіп, оларға қандай да бір тоқтау қою керектігіне көңіл бөлді.Сондай-ақ, жиын барысында Асқар Исабекұлы егістік алқаптардың  құнарлығын арттыру мәселесінің де маңыздылығын алға тартты. Ол бойынша нақты шараларды қолға алып, тиісті тыңайтқыштармен  жерді  байытып отыру керектігі айтылды. Облыс әкімі жерді конкурсқа шығарарда тиісті құжаттарға оның құнарлығын сақтауға қатысты шарттарды барынша жүктеу керектігін ескертті.Жиын қорытындысымен  тиісті салалық үш басқармаға нақты тапсырмалар берілді.1-шілдеге дейін бұл бағытта атқарылатын екінші жарты жылдықтың жұмыс жоспарын бекіту мінттелді. Тиісті заңдарға өзгерістер енгізу бойынша Үкіметке ұсыныс хат жолданатын болды.

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
20:54, 11 қараша 2019
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:52, 6 қараша 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...