ШҰҒЫЛ! ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ Толығырақ

ЖАРЫҚ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ ?

13:44, 11 ақпан 2019

Өткен апта, алтыншы ақпан күні  5- ші ықшам ауданы 25- ші үй тұрғындары жарықсыз қалған еді. Оған себеп, тоқтың қысқа тұйықталуы салдарынан шыққан шағын өрт болыпты.  Қалалық билікке шағымданған тұрғындарға  жауапты мамандар, көп күттірмей жарықты қосамыз деп уәде берген. Тұрғындар тілегін жеткізетін Қасымжан Байкүшіковтың бейнематериалы. 

Көпшілік титаник атап кеткен бұл үйде,  өткен апта ортасынан  бері  жарық жоқ. 3-ші қабаттағы есептегіш құралынан шыққан өрттің салдарынан 82 пәтер электр қуатынсыз отыр. Ал тұрғындарды алаңдататыны, үйдегі тоқ қажет ететін техникалық бұйымдар мен балалардың сабағы. Бұған қатысты жауаптылар жарық болады деп уәде бергендерін айтады.

Нұрияш Бөпей қала тұрғыны  /Қазіргі халықтын ақша жинайтындай ешқандай жағдай жоқ. Өйткені халықтың бәрі өздері уақытында четчик қоған. Енді ешкімнің қалтасы көтермейді. Біз әкімге обращатьеттік. Қазір әкім келеп өз уәдесін беріп кетті./

Әкімдіктегі жауапты мамандар,  1,5 апта ішінде жарық қосылады деген. Қазір мұнда  толықтай тексеріс жұмыстары жүріп жатыр.

Сайлауғалы Байназаров Тараз қаласы әкімінің орынбасары   /Егер сымдар аман болса  біз ертең тікелей жарық беруге дайынбыз. Ал пәтерлерге кірген қабырға арасындағы сымдар өртенген болса біз оны жөндеуге мәжбүрміз. Негізінде бәрі сау болса ерең жарық беріледі. /

Егер 82 есептегіш құралы жарамсыз болса әр қайыссы 30 мың теңге тұрады. Ал оны жұмысы мен қоса есептегенде шығын көлемі  2,5- 3 миллион теңге болады . Бұл кабельдерді есептемегендегі шығын.

Қ.Байкүшіков

Н.Құдияр

«Жаңалықтар қызметі» 

Тақырып бойынша материалдар

ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
21:05, 15 ақпан 2019
ЖҰМЫС ПЕН БАСПАНА МӘСЕЛЕСІНЕ – ЖАҢА ШЕШІМ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
21:03, 15 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
13:47, 11 ақпан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ
Толығырақ...
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
14:38, 12 ақпан 2019
УАҚЫТТЫ ҮНЕМДЕУ – САПАЛЫ ӨМІР БАСТАУЫ
Толығырақ...