ШҰҒЫЛ! «ОҚУШЫ АРЛАНЫ» ТУРНИРІ Толығырақ

ЖАС ХОККЕЙШІЛЕР ЖЕҢІСІ

21:25, 19 сәуір 2019

Хоккейден  Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты Францияның Гернобль қаласында өтіп жатыр.  Осы турнирде бірінші қатардағы А тобында қазақстандық хоккейшілер қатарынан үш рет жеңіске жетті.

2019 жылы жасөспірімдер арасындағы хоккейден әлем чемпионаты Венгрия мен Франция елдерінде бірге өткізілуде. . Францияның Гернобль қаласында 6 команда шайқасқа шығып, іріктеу турларының қортындысы бойынша турнирдің соңғы ойындарына жолдама алды. Бұл бағы жанған командалар Германия, Франция, Дания, Норвегия, Украина  және Қазақстан ұлттық құрамасы. Біздің ел құрамасы Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының алғашқы матчында Германияға 2-5 есебімен есе жіберіп алды. Дегенмен Қазақстандықтар тез жинақталып, үшінші кезеңнің соңында Дияс Гусейнов пен Владислав Сайконың екі голы еңсені тіктеді. Ұлттық құрама мен Францияны хоккейшілерінің  кездесуі де біздің отандастарымыздың пайдасына шешілді. Есеп 7-2. Сөйтіп үшінші матчта да  қазақстандықтар 6-1 есебімен жеңіске жетті. Артем Королев, Әли Қасенов, Денис Чапоров, Данил Бутанко және Әлихан Өмірбеков сынды ойыншылар жасындай жарқылдап ерекше көзге түсті.  Одан соң қазақстан жастары Норвегия құрамасын 5-2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша сәтті кездесулер сериясын жалғастырған хоккейшілер 20- сыншы Сәуірде,  Даниялық командамен сынға түседі.

Қ.Байкүшіков

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
22:08, 13 мамыр 2019
ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...