ШҰҒЫЛ! «ОҚУШЫ АРЛАНЫ» ТУРНИРІ Толығырақ

ЖАС КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

15:23, 14 мамыр 2019

Жастар жылында жастарға қолдау күшеймек. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге 3 млн теңгеге дейінгі   мемлекеттік   қайтарымсыз грант беруге облыстық бюджеттен 303 млн теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға жұмсалмақ. Бұл туралы  облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мәди Мәтен  мәлімдеді.

 Биылғы жастар жылына орай, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 329 жасқа қайтарымсыз грант есебінде 166,1 млн теңге қаржы бөлінді. Бұдан бөлек, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық қазынадан 21 млн теңге бөлініп отыр. Бұл аталған сомма жас кәсіпкерлер өздерінің бизнесін дамытып, әлеуетін арттырып, шыңдауға бағытталған.Сондай-ақ, жаңа жобаларды іске асыру үшін мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау. Аталған бағдарлама аясында мемлекеттік грнат алуға үміткер, яғни жас кәсіпкерлер құжаттарын Тараз қаласы мен аудандарға жолдайды.  Толық ақпарат алу үшін жергілікті жердегі Жастар ресурстық орталығына жүгіне алады.Мемлекеттік конкурс 16 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді.

 Мәди Мәтен  Жамбыл облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
22:08, 13 мамыр 2019
ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...