ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАС МЕХАНИЗАТОРЛАР БАЙҚАУЫ

19:22, 10 қазан 2019

 

 

 

 

Меркі ауданына қарасты №9-шы кәсіптік колледжінде жұмысшы мамандықтарының  мәртебесін  арттыру мақсатында облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Онда «Ферма шаруашылығы» "Тракторист-машинист" мамандықтарында білім алып жатқан студенттер өз өнерлерін көрсетті. Сарысу, Шу, Тұрар Рысқұлов аудандарынан қатысқан «Жас механизаторлар» байқауы жайында тілшіміз Бақытжан Советұлы айтып береді.  

 

Кәсіптік білім алу уақыт талабы. Елбасының өзі аграрлы мемлекет Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы мамандарын дайындаудың маңызды екендігін атап өткен болатын. Ауылшаруашылығы мамандарын даярлауда Меркі колледжі аз еңбек сіңріп отырған жоқ. Мұнда 600-ге тарта білімгер 7 мамандық бойынша тәлім-тәрбие алып, тәжірибе жинақтауда.  

 

УАЛИХАН НАРЫМБЕТОВ  /Мен осында оқып жатқаныма еш өкінбеймін

Колледж студенті.    алдағы уақытта жақсы маман болып, елге еңбек етемін/

 

 

Облыс бойынша 5 кәсіптік колледж білімгерлерінің басын қосып ұйымдастырылып жатқан шараға білім мен тәжірибені ұштастыра білген жастар қатысты. Басты мақсат та міне осы. Жастардың ауылшаруашылығы мамандығына деген қызығушылықты арттыру.

 

МЕРУЕРТ ЖУАСПАЕВА              /Ауылда мехнаизаторлар жетісе бермейді

Облыстық білім басқармасының   біздің мақсат осы олқылықты толтыру.

әдіскері                                      жастардың ынта-жігерін арттыру/

 

Байқауда негізінен қатысушыларға 5 модуль бойынша  тапсырмалар берілді. Оның ішінде өлшеу құраларымен жұмыс, трактор жүргізу мен егіс алқаптарын күздік дақылдарға дайындау секілді жұмыстар бар. Іс-шара қорытындысы бойынша бірқатар студенттер жас механизатор, іскер механизатор, үздік тракторшы номинациялары бойынша марапатталды.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...