ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

«ZHAS PROJECT» - ЖАМБЫЛДА

18:20, 10 тамыз 2018

Жастар - қоғамның басты қозғаушы күші. Бүгінде олардың білім алуына, кәсіппен айналысуына барынша қолайлы жағдай жасалған. Осыдан бірнеше ай бұрын облысымызда  «Zhas project» жастар корпусын дамыту жобасына өтінім қабылданған болатын. Бүгін іріктеуден өткен жамбылдық жастар үшін үш күндік оқыту семинары басталды. Толығырақ тілшіміз Аян Ермекұлының бейнематериалында.
 

Аталған жоба – Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен бағдарламасы.  Жастар үшін берілген жаңа мүмкіндікті жамбылдықтар да құр жібермепті. Аймақта алғаш рет іске асырылып жатқан жоба 6 мың жасты қамтуды көздейді. Әр жобаға 1 миллион теңгеге дейінгі қаржы қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін 50 аутрич-консультант мамандар оқытылған. Шара мақсаты – жастарды қоғамдық өмірге тарта отырып, бизнес жобаларын жүзеге асыру.

Абзал ЕСІРКЕПОВ. «Zhas project» жобасы жамбыл облыстық филиалының оқыту менеджері \ Негізі, қазіргі кездегі бұл жобаның басты басымдылығы жұмыс істейтін, бірақ айлық табысы аз және жұмыс істемейтін жастарға арналған болатын. Қазіргі таңда біз 763 жасты жұмыспен қамтуға бел будық. Яғни, 763 адам 222 жобаның барлық қатысушылары болып табылады. 222 жобаның бөлінген қаржысы 219 млн теңге жобалардың жүзеге асырылуына төленсе, 216 млн 120 мың теңге қатысушы адамдардың шәкіртақысы болып есептеледі.\

Аймақта аталмыш жоба аясында осы күнге  дейін 435 млн теңге инвестиция құйылып, 222 топ жүлдегер атанған. Жеңімпаз топтарға жетекшілік ететін арнайы ментор мамандар да іріктелген.  Іріктеуден өткен 43 тәлімгер  қала және аудандардан жасақталып отыр.   Ал, Астана мен Алматы қаласынан келген тренерлер облысымыздың жас мамандарын оқытады. Оқыту семинарынан өткендер өздеріне бөлінетін командаларға 6 ай бойы жетекшілік ететін болады..

Гүлнұр ЕРКЕБЕКОВА. Ментор \«Zhas project» - ті біздің жастар ресурстық орталығына да ұсынды. осындай біздің қызметкерлер арасында менторлікке ұсынылсын деген болатын. Бізден аутич қызметкеріне бес адам қатыстық. Үйлерді аралап, қырық күн ішінде жобаларын жазуға көмектестік. Соның нәтижесінде жетпіс тоғыз жоба ұтты. \

Үш күн бойына жалғасатын семинар белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін өтпек.  Алдағы уақытта жоба авторлары халыққа әлеуметтік пайдасын тигізетін өнімдерін  ұсынбақ.

А.ЕРМЕКҰЛЫ, А.ӘДІЛ 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
20:30, 17 қазан 2018
БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
Толығырақ...
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
20:30, 17 қазан 2018
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар