ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАС САЯХАТШЫЛАР САПАРЫ

19:57, 5 шілде 2019

«Туған елге саяхат»   балалар туристік пойыз таразға келіп тоқтады.  Елордадан басталған экскурсияға қатысқан  200-ге жуық жас өрен енді, шежірелі шаһардың өткенімен танысып, өнегесін өреге тоқитын болады. Толығырақ тілшіміз Аршат Сапарғали тарқатады.

Жас саяхатшылар Тараз қаласының  тарихи мәдени құндылықтарынаы назар аударды. Мұнда  19 ғасырдан бастап жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде, қыштан жасалған су құбырлары, моншалар, мыс-қола теңгелер құятын орындар, тас төселген көшелер табылған.Ал, көне шаһардың орталығы 3 бөліктен тұрады.  Атап айтқанда: цитадель, шахристан және рабад.  Бүгінде 2000 жылдық тарихы бар шаһардың жастарға берері көп-дейді ұйымдастырушылар.

Нұрлан ДҮЙСЕНӘЛІ- ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ МЕМЛЕКТТІК ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Жоба балалардың жан-жақты дамуына, қоршаған әлемге қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерімен танысып, патриотизмді нығайтуға бағытталған. Сондай ақ, бұл жолғы  саяхатқа шетелде  тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің балалары да тартылыпты. Атап айтқанда, Беларусь, Ресей және Қырғызстан сияқты елдерден барлығы 25 бала келді. Бұдан бөлек, екінші туристік пойыз жолаушыларының қатарында 2019 жылдың 15 сәуір мен 17 мамыр аралығында ұйымдастырылған шығармашылық байқау жеңімпаздары да бар. 

Нұрай  МҰРАНБЕК -  ЖАС САЯХАТШЫ

Айта кетейік,  1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні «Туған елге саяхат» Балалар туристік пойыз» жобасының бірінші маусымы басталған болатын. Барлығы 2019 жылдың жазында 3 сапар ұйымдастырылады – соңғысы 1 тамызға жоспарланған. Бір айта кетерлігі Қазақстанның көрікті және тарихи орындарын аралау мүмкіндігіне ие болған балалар Әулиеата өңірінен соң Алматы қаласына жол тартады.

Аршат Сапарғали, Нұрлыбек Құдияр ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар