ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

«ЖАС ТҮЛЕК-2019» БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

13:27, 4 наурыз 2019

Жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер жұмыс іздеп бірқатар мекемелердің  табалдырығын тоздырып, біраз сенделетіні анық. Олардың жұмысқа орналасу мәселелерін жеңілдету мақсатында «Жас түлек-2019» бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жоғарғы оқу орнында өткізілген шараға 40-тан астам жұмыс беруші тарап өтініш білідірген.

Жәрмеңкеге бас-аяғы 50-ге жуық жұмыс беруші қатысып, бітіруші түлектерге бос орындарға жұмысқа қабылданудың шарттарын түсіндірді.Дәстүрге айналған үрдіс түлектердің жұмыспен қамтылуларына үлкен мүмкіндік береді. Ал, өз мамандығын терең меңгерген студенттер де бір емес, бірнеше қызметке таңдау жасай алады.

Нұрсұлтан Исламбеков – студент

/Енді күтетініміз осы жәрмеңкеден компаниялар мен студенттердің ортасына жақсы қарым-қатынас.Болашақта мемлекеттік сыбайлас жемқорлық бөлімінде жұмыс істегім келеді./

Негізінен, бүгінгі күннің нарығында жұмыс берушілер тарапынан заман талабына сай ауылшаруашылығы, шет тілі, туризм мамандықтарына сұраныс артып отыр екен.

Камила Бүлікбаева – Жаратылыстану факультетінің деканы

/Бүгінгі күні 12 мамандық бойынша даярлап жатырмыз.Соңғы 2 жылда алған мамандықтар туризм, ветеринариялық санитария, өсімдікті қорғау және карантин мамандықтары болып табылады.Бұл мамандықтар қазір нарықтағы рөлі үлкен болып тұр, сұраныс жоғары./


Басым мүмкіндіктерге ие, терең біліммен қаруланған оқу орнының түлектері университет қабырғасында ұйымдастырылған жәрмеңке көмегімен өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаспақ ниетте.  Дегенмен,барлық бітірушінің жұмыспен қамтамасыз етіліп кетуіне ешкім кепілдік бере алмайды.

К.Шәмші, Ғалымжан Есенбаев «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар