ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ПРОБЛЕМАСЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

20:51, 7 қазан 2019

 

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс, күрмеуі шиеленіскен мәселе -күн тәртібінен түскен емес. Атқарылған жұмыс көп, жауапты мамандардың есебі түгел.Ал, шын мәнінде жұмыс барысы қай деңгейде? Республикалық «Нұр Отан» партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшелері аймақтағы хал ахуалды  талдап көрді. Жағдай мәз емес. Маңызды мәселе талқыға түскен жиыннан Нәзима Дәрменқызы сабақтайды.Үміт балалар үйі, психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті тізе берсек жетерлік. Мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін кәмелетке толмаған балаға жан – жақты жағдай жасалған. Жұмыстары да тиянақты. Хош делік.  Алайда бесіктен белі шықпай, жүкті болған оқушы саны 78 – ге жеткен.

Рысты ЖҰМАБЕКОВА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ \осыншама саны көп, қалай ойлайсыз,ұстаз ретінде, ана ретінде? Как вы думаете, в чем причина?\

Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ\жағдайы төмен отбасыларынан шығып жатыр.

Бұл проблема Қордай, Меркі, Шу аудандарында күрделі. Жауапты мамандар профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтады. Десе де, өзекті мәселеге нақты шешім қажет.

Рысты ЖҰМАБЕКОВА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ \192 қыз жүкті болып, 350 жас қыз туған. Болған істе неғыламыз? Кешкі мектеп, колледж жібереміз деп жай отсыздар\

Келесі кезекте, денсаулық сақтау басқармасының есебі тыңдалды. Қазір әр емханада «Жастар орталығы» жұмыс жасайды. Онда психолог, әлеуметтік қызметкер жеткіншектерге қолдау білдіріп, көмегін аямайды. Басқарма басшысы маман тапшылығын да жасырмады.

Марат ЖҰМАНҚҰЛОВ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \Балалар гинекологиясы бойынша жуық арада резедентура ешкім аяқтамаған. Сондықтан жаңа әдіске сай 2014 жылға дейін тәмамдаған акушер гинеколог мамандарын сараптап, биыл 4 – уін деңгейлік жоғарлату оқуына жіберуді жоспарлап отырмыз \

Ал, суицид бойынша 2019 жылы 9 жағдай тіркелген. 8 – і белгісіз, 1 – уі ақша жинау, бопсалау себебінен өз өзіне қол жұмсаған.  Ал, кәмелетке толмағандардың құқықтық, әлеуметтік жағдайына  байланысты сала маманы  қылмыстық іс төмендеген деп отыр.

Қуанышбек ҚАЛЖАНОВ ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ \қылмыс жоқ дейді\

Сондай-ақ, арнайы топ өкілдері облыс орталығындағы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды. Қазір мұнда 63 түрлі қиыншылыққа тап болған балалар тәрбиеленуде. Олардың 19 ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғандар. Ал, өз отбасынан қашқан балалардың болашақтағы жағдайы қандай болмақ? Бұл мәселе алдағы уақытта мамандардың назарында болмақ.

Рысты ЖҰМАБЕКОВА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ

Бұдан бөлек,  топ мүшелері 2 күн ішінде аудандарды аралап, жұмыстарын зерделемек. Қорытынды жиында ұсыныс,  сауалдарын жинап, жан – жақты көмек көрсетпек.  

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар