Жасөспірімдер тәрбиесі басты назарда

19:13, 6 желтоқсан 2017

Облыстағы білім беру мекемелерінде діни ахуалдың жай-күйі қандай? Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық қандай деңгейде? Бүгін облыстық білім басқармасының басшылығымен өткен жиында осы сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбіп, жауапты мамандардың жұмысы сынға ілінді.

Сала мамандары ағымдағы жылы облыстағы барлық орта мектептерде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқытылуын және діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағытталған жұмыстардың жағдайы зерделеген болатын. Нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Мәселен,..

Медет Атен, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының тәрбие және қосымша білім бөлімінің бас маманы

№32 орта мектепте діни экстремизм мен терроризимнің алдын-алу бойынша жұмыс жоспары жасалмаған.Діни ағымға тартылған оқушылардың жеке папкасы арналмаған. Ата-аналармен жеке жұмыстар жүргізілмеген.Байзақ ауданының «Сейфуллин, Абыланов» атындағы орта мектептері директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары зайырлылық және дінтану курсы бойынша сабаққа қатысу  журналында көрсетпей, сабаққа қатыспаған.

2017  жылдың 9 қазанындағы білім бөлімдерінің мәліметі бойынша  облыс көлемінде 130 оқушы өз еркімен немесе ата-анасының ықпалымен діни қысымға ұшыраған. Соның салдарынан дәстүрлі емес ислам ағымына тартылған. Осы тұрғыда облыстық білім басқармасының басшысы біраз аудандардағы мектеп директорларын сынға алды.

Рахия Тұрмаханбетова, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы

Қоғамдағы №1 проблема жастардың осындай ағымға кетіп, ол діни сауатсыздықтан болып отыр.Ал діни сауатсыздықты  ең бірінші сол жердегі мектеп мұғалімдері береді. Сіз мына ерекшелікті білмесеніз, басқа адамнан не сұрайсыз? Тарих пәнінің мұғалімі факультативті сабақта не айтып, не қойып жатқандығын білесін бе? Біз ата-аналар мен балалардан не талап етеміз? Неге ұстап отырсыздар мұндай заучтарды?

Жиында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық жағдайы да айтылды. Бұл мәселе де айтарлықтай жақсы көрсеткіш көрсетіп отырған жоқ. Сондықтан барлық жауапты мамандарға, қатаң ескертулер жасалынып, алдағы уақытта бұл кемшіліктерді дер кезінде түзету тапсырылды.

Гүлзат Сейдуллақызы, Руслан Бегалы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар