ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАР АРАСЫНДА МАРАФОН ӨТТІ

19:12, 7 қазан 2019

 

Таразда жастар марафоны өтті. Оған өңірдегі жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 500-ге жуық студент қатысты. Желаяқтар орталық «Достық» алаңынан ҚР Тұңғыш Президентіне дейінгі қашықтықта жүгірді. 

 

Бұл шара қазан-қараша айларында өтетін «Студент фест» мерекелік шеру аясында ұйымдастырылуда. Жастарды өңірдің қоғамдық-саяси, мәдени өміріне белсенді болуға шақыратын шеруге Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйытқы болуда.  Аталған мерекелік шеру   аясында «Спорттық марафон» жарысы, «Пікірсайыс алаңы» турнирі және  «Жайдарман ойындары» өткізілетін болады. Жеңімпаздар  20 қарашада өтетін «Студенттік бал – 2019» мерекелік кешінде түрлі номинациялар бойынша  марапатталады. Ал спорттық марафонда оза шапқан 3 қатысушы мерекелік кешке жолдама алады.

Ильхам ЕРКЕБАЕВ – ҚАТЫСУШЫ Бүгінгі спорттық шарадан алған сезімім өте керемет! Бүгінгі күнді бір күндік жүгіру күні деп белгілеп, марафонды өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Менің ата-анам, жаттықтырушыма деген алғысым шексіз. Бүгінгі жүгіруде бақ сынап, қатысып жатқан қатысушыларды құттықтаймын. Одан әрі спортты дамытуға өз үлестерін қоса берсін. Барлықтарыңызды спортпен айналысуға шақырамын.  Себебі, Спорт  – біздің өміріміз.

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...