ШҰҒЫЛ! «БОЗТОРҒАЙ» ӘН-БИ АНСАМБЛІНЕ - 45 ЖЫЛ Толығырақ

ЖАСТАР АРДАГЕРЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

18:54, 15 наурыз 2019

Тараз қаласы әкімдігінің жастар ресурстық орталығы бір топ ерікті студенттермен бірігіп, бүгінгі тағзым күні мерекесіне орай облыс орталығында тұратын ҰОС-ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, оларға көмек көрсетті.

Ерікті жастар алдымен Асанбай Асқаров көшесінде тұратын жалғызбасты ана әрі мүмкіндігі шектеулі жан Елена Исмайлованың үйіне барды. Жастарды жылы шыраймен қарсы алған үй иесін келе жатқан мерекесімен құттықтаған еріктілер тобы бірден талдардың түбін қопсыту, әктеп-сөктеу, жер аудару, терезе жуу, есік алдын сыпыру секілді жұмыстармен айналысып кетті. Наурыз мерекесі қарсаңындағы тағзым күні дәл осындай іс-шара ұйымдастырған жастарға алғысын жаудырған қарт ана өзі мұндай жұмыстарды істей алмайтындығын айтты. Жалпы, қайырымды іс жасаумен айналысып жүрген жастар бүгін Тараз қаласындағы дәл осындай 10- отбасының үйіне кіріп шыққан.

Абзал ЕСІРКЕПОВ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:53, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар