ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАР ФОРУМЫ

21:28, 15 сәуір 2019

«Жас келсе іске...»   Меркі ауданында ссындай атаумен аймақтағы сан саланы тізгіндеген еңбекші жастар арасында форум өтті. Облыс әкімдігі мен облыстық кәсіподақ бірлестігінің әлеуметтік – әріптестік аясында ұйымдастырылған шараға 160 – қа жуық жас маман тартылған.

Шахтер, мұғалім, дәрігер, инженер де бар мұнда. Жас келсе істің басына, жақсы келер қасына. Аймақтағы белсенді жастармен пікір алмасып, дәріс оқуға өз ісінің майталмандарын да алдырыпты. Олар алдымен мотивациялық кеңестер беріп, әрбір қатысушыны жеке тыңдады. Қолдау көрсетіп, белсенді өмір сүрудің қыр – сырын үйретті.

 Мұратхан Шүкеев Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

 Мұрат Әбенов  Ұлттық білім және инновация палатасының төрағасы

 Жиында арнайы Халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов тікелей байланысқа қосылды. Жас мамандарға өз саласын сүйіп, адал еңбек етуді айтқан халық батыры, олардың алдағы еңбек жолына табыс тіледі. Қатысушылар да өз тарапынан сый құрмет көрсетті.

Фрагмент: А.Айымбетовке сыйлық

Сондай – ақ, қатысушылар түрлі бағыттағы секциялық жұмыстарға бөлінді. Лекция тыңдап, берілген тапсырмаларды топтасып орындады.

Жансерік САРМАНБЕК – ДӘРІГЕР

Дәулетбек ЖОЛДАСБАЕВ– ИНЖЕНЕР

Аймақта кәсіподақ мүшелерінің саны 120 мыңнан астам, солардың үштен бірі–жастар. Сондықтан да еңбеккер жастардың сұранысы мен талабына сай келетін рухани , әлеуметтік бастама мен жобалар аса қажет. Іс шара соңында жас мамандарға арнайы сертификат табысталды. Форумға жиылған жастар мен делегаттар ертеңіне   Меркі өңірінің киелі орындарына саяхат жасады.

Назима Дәрменқызы Тоқтар Терлікбай  «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...