Жасыл экономика: болашақтың энергиясы

17:00, 20 сәуір 2017   246

Жасыл энергия – Қазақстанның болашағы.Облыс орталығында осындай тақырыпта семинар болып өтті. Жиынға жоғары оқу орындарының студенттері мен, эколог мамандар және біріккен ұлттар ұйымының жасыл энергия жайындағы Тараз қаласындағы өкілдері қатысты.

Басқосу барысында баламалы энергия көздерінің тиімділігі және жергілікті ғалымдардың осы бағыттағы жұмыстары айтылды.  Әсіресе әулиеата жерінде қолдануға тиімді қондырғылар талқыланды.  Мәселен Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің оқытушысы жақында ғана ағыны аз су жүйелерінде электр өндіру қондырғысын патенттеп, жұмыстарын жүргізуде.  Бұдан бөлек семинар барысында Тараз қаласында энергия үнемдеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен сөз болды.Осы мақсатта облыс орталығында 2 жылдан бері Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері түрлі жобаларды қолға алуда.  Бүгінде Жамбыл облысы жасыл энерергия саласын дамытуда еліміз бойынша алдыңғы орындарда келеді. Бұған Жуалы және Қордай жеріндегі жел және күн электр станциялары дәлел. Семинарға қатысушылардың айтуынша «Экспо-2017»  халықаралық көрмесі қарсаңында мұндай жиындардың маңызы зор.

Шұға Шамбыл, студент  

Қазіргі таңда біз дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуді мақсат тұтып отырмыз. Осы орайда жасыл энергия көздерін дамыту аса маңызды. Себебі ол экономикамыздың көтерілуіне әсер етеді. Бұл қолжетімді, табиғатқа зиян келтірмейді, сол себепті бұл қазіргі таңда өте өзекті.

 

Шерхан Абделиев «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40