Жасыл энергетика жандануда

20:06, 16 тамыз 2017

Бүгінде Жамбыл облысында жасыл энергетиканы дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңіріміздегі күн және жел электр станциялары өз қызметін табысты атқарып жатыр.  Солардың бірі  Жуалы ауданындағы «Буреное Солар 1» жобасы.  Бұл жоба Елордада өтіп жатқан «Экспо 2017» халықаралық көрмесіне ұсынылды.

Аталған  бірегей жоба 2015 жылы Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында іске қосылған. Күн электр станциясы арасында еліміз бойынша ең үлкені. Шетелдік тікелей инвестицияның тартылуы арқасында жүзеге асып отыр.  Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауылына жақын жерде орналасқан.  Ондағы барлық  құрал жабдықтар Еуропада жасалған. Жобаның жалпы құны 23 млрд. теңгені құрады.Айта кетсек, аталған нысан Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы болып табылады. Қазіргі кезде оның қуаты 50 мегаватт  болса,  2018 жылы оны екі есеге арттырып, «Буреное Солар 2» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. . Бұл өз кезегінде 30 мың үйді жарықпен қамтамасыз етуге жеткілікті болмақ. Сонымен қатар өндіріс ошағының іске қосылуымен тағы да 100 азаматты жұмыспен  қамтуға мүмкіндік алады.

Иван Забарин, «Бурное Солар - 1» станциясыныің жетекшісі

Алдағы уақытта «Бурное солар -2» жобасының құрылысы басталады. Бүгінде бұл жобаны жүзеге асыруға мемлекет тарапынан арнайы аумақ беріліп қойды. Енді құрылыс жұмыстары қыркүйек айының басында басталады деп жоспарлануда. Оның жүзеге асуымен біздің қуаттылығымыз 100 мегаватқа жетеді деп күтілуде.

Мархаббат Көпбосынова, Нұрлыбек Құдияров, «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...