ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ЖАСЫЛ ЭНЕРГИЯ - БОЛАШАҚТЫҢ ЭНЕРГИЯСЫ

18:30, 12 шілде 2019

Жамбыл облысында жаңартылған энергия көздерінен қуат өндіру дамып келеді. Өйткені, ол біріншіден, қоршаған ортаға еш зиянсыз, екіншіден бағасы – қолжетімді. Меркі ауданында электр энергиясын өндіретін Су электр стансасының жұмысында ілгерілеушілік байқалады. Серіктестік қомақты қаржыға Қытай елінен сатып әкелген жаңа қондырғыны іске қосып отыр.

Стансаның күнделікті толық қуаты – 12 550 КВТ-ты құрайды. Қазіргі уақытта тұтынушылар саны да біршама артқан, жалпы саны – 103 ке жетті. Оның 53-і жеке тұлғалар болса, 60-қа жуық бюджетті мекемелерді де электр қуатымен қамтып отыр.  25 адам тұрақты жұмысқа тартылған стансаның алдағы жоспарлары да айқын.

Бекжан Қалабаев / СЭС- 1 бас инженері

Судан электр қуатын өндіретін нысан 1998 жылы іске қосылған. Содан бері мұнда көптеген істер қолға алынып, ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс атқарылды. Мәселен, бір ай бұрын  Қытай елінен қомақты қаржыға сатып алынған жаңа қондырғы іске қосылды. Жаңа технологиямен жабдықталып, жаңашылдыққа ұмтылған стансада электр қуатын өндіру көлемі де ұлғайтылды.

Бедел Мырзабаев / СЭС-1 басшысы

Облыста 2020 жылға дейін жалпы қуаты 247 МВт-ты құрайтын бірқатар жобаларды жүзеге асыру көзделуде. Атап айтқанда, Меркі ауданында Т.Рысқұлов, Жуалы, Шу ауданындарында баламалы энергия көздерін өндіретін электр стансалары салынбақ. Бұл жобалар толықтай жүзеге асқанда өңірдің баламалы қуат көздерін өндірудегі үлес салмағы арта түспек.

Қымбат Қаржауқызы, Еркін Жасыбай, «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар