ШҰҒЫЛ! АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСЫМ БАҒЫТ Толығырақ

«ЖАСЫРЫН ТҰТЫНУШЫ» ӘШКЕРЕ ҚЫЛҒАН ӘРЕКЕТТЕР

19:04, 12 наурыз 2019

Жарнамасы жер жармаса да, дәурені жүріп тұрған делдалдардан қалай құтыламыз?   Бармақ басты, көз қыстымен  құжат дайындап, сыбайластықтың санын көбейтіп жүрген «көмекшілердің»  заңсыз әрекетіне тосқауыл қоюға кейбір құзырлы мекемелердің өзі қауқарсыз. Тек ұсыным берумен шектеледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сала мамандары мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «мәселені» әп-сәтте ақшамен шешетіндерді анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесін баяндады. Мемлекеттік қызмет көрсететін 26 мекемеде «Жасырын тұтынушы» әдісімен  талай заңбұзушылықтар әшкереленген.

 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің «Жасырын тұтынушы» әдісі бұл. Қоғам белсенділерінің көмегімен түсірілген. Былтыр осы белсенді азаматтармен аталған жоба аясында облыстағы 70-тен астам мекемеде зерделеу жұмыстары жүргізіліпті. Нәтижесінде 26-сында заң талаптары толық орындалмай, кемшіліктерге жол берілетіндігі анықталған.

Жандос ТОЙШЫБЕКОВ – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінде аталған әдіспен зерделеу жүргізілді. Іс-шара барысында аталған мекеме аумағында азаматтарға жүргізуші куәлігін ешқандай құжаттарсыз 50-60 мың теңгеге алып береміз, деп ашық түрде жарнамалап жүрген делдалдардың бар екені анықталды. Осының негізінде полиция департаменті мен мемлекеттік корпорацияға тиісті ұсынымдар жолданды. Тек қана департамент тарапынан емес, қоғамдық белсенділерді де тартып жатырмыз бұған. Себебі, департаменттің жалғыз өзінің бұл кісілермен күреске шамасы келмейді/.

Делдалдардың құрығына көбінесе, ауылдан келгендер түскіш, дейді мамандар. Ұзын-сонар кезекке тұрғаннан қашып, осындай заңсыз көмекшілердің көмегіне жүгінгенді жөн көреді. Ал мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды түрде де қолжетімді, әрі әлдеқайда тиімді екенін екінің бірі біле бермейді. mGov қосымшасы, Телеграмм бот арқылы алуға болады, дейді мамандар.  Мәліметтерге сүйенсек, ағымдағы жылдың екі айының өзінде полиция департаментінің көлікті тіркеу, емтихан алу құрылымдарымен 26291 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, 4232 жүргізуші куәлігі беріліпті. Олардың қаншасының заңды жолмен алынғанын дөп басып айту қиын. «Жедел»  қызмет көрсетушілерге қолданар жаза түрі де жеңіл. Айыппұлмен құтылып кетеді.

Нұрдәулет  ТЕМІРБЕКОВ – «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АҚ ЖОФ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /мамандандырылған бөлімнің аумағымен жапсарлас тұрған жеке тұлғаның аумағында орнатылған автосақтандыру бутиктері, техосмотр жасайтын контейнерлер, осы қызметтерді жамылып жүргендерді біздің аумақта жүруіне жол бермеу мақсатында 2017 жылы филиалдың өз күшімен қоршау көтерілді. Сол қоршаудың сыртында  делдалдар жасаған фактілер бойынша филиалдың немесе бөлімнің тарапынан сол жеке тұлғаның аумағына кіріп, олардың қызметтеріне жол бермеуге біздің күшіміз жетпейді оған /.

Бұл қоршауды белгісіз тұлғалар сегіз мәрте қиратып та кетіпті. Орын алған жағдай бойынша құзырлы органдарға арыз да жазылған. Бірақ күні бүгінге дейін ешқандай шара қолданылмапты. Жалпы, аталған мекеме тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша барлық іс-шаралар жүргізіліп-ақ жатқан көрінеді. Алайда, полиция қызметімен бірлесе жұмыс атқарылса ғана делдалдықты түбегейлі жоюға болады, дейді жауаптылар.

А. Тілеуханқызы, Ө. Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі»   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУҒА 948 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
14:04, 15 шілде 2019
АУЫЛДЫ АБАТТАНДЫРУҒА 948 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...