ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАТ АҒЫМ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

20:49, 4 наурыз 2019

Бүгінде тек өздерін ғана шынайы мұсылманбыз деп, өзгелерді менсіне бермейтін  және өз отанын тәрк етуші адасқан ағымның көрініс тауып жатқандығы жасырын емес. Қоғамға қауіпті осы жат ағымдарды түсіндіру  жұмыстары да жалғасуда. Жұма намазы барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бекітілген тақырыппен қатар, діни экстремизмді насихаттаушы топтар жайында да айтылып келеді. Себебі артық жүрісі жоқ адамның компьютердің алдында отырып- ақ дұрыс жолдан тайып кету қаупі барын көп отбасы бағамдай бермейді.рр

 Қазір,  ата-ана баласы мешітке барып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қорқып, алаңдайтын болған. Себебі, бүгінгі ғаламдану заманындағы еліміздегі жағдай, осыған саяды. Мұндағы мәселе діннің өзінде емес, дін атын жамылған теріс пиғылдылардың әрекетінен. Осылардың алдын алып, шырмауына шатылмаудың жалғыз жолы, мешіт имамдары мен ұстаздардан діни дәріс алу.

Олжас Қуандықов қала тұрғыны /осындай уағыздар адасу жолынан тыяды/

Медетхан Тоқсанбаев  қала тұрғыны /теріс пиғылдардан сақ болу керек/

 Бүгінде мешітке баратын жамағаттың көбінің діни білімі саяз. Осы ұрымтал тұсты пайдаланушы мысық тілеу миссионерлер ұлтымызға жақын Ислам діні атын жамылып, кез келген бағыт бойынша, соның ішінде ғаламтор арқылы да жастарымыздың санасын улауда. Тіпті кейбірі солардың уағыздарын насихаттап таратқаны үшін сотталып жатыр.  

Расылхан Сыбанбайұлы  /Көкейде бір сұрақ болса, мешітке келіңіздер/

 Қалай десекте бала дінге бет бұра бастаса, ата-ананың оны ертіп мешіт имамдарына баруы қажет. Ондағы дін өкілдері баланың теріс жамағат уағызын тыңдап жүргенін немесе оған қатысы жоқтығын демде анықтап береді.

Қ. Байкүшіков 

Н. Құдияр «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар