ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ

18:43, 18 қыркүйек 2019

 

 

Жамбыл облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау қызметі  түрлі заңсыздықтарға жол беріп келген.  Бір қызығы, өрескел заң бұзған жауаптыларға тек, сөгіс беріліпті.  Бұл туралы мониторинг жүргізген  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің өңірдегі департаменті өкілдері айтып отыр.

Шекараның шебіндегі мамандар заңды белден басқандарға көз жұма қараған. Экспортқа тиым салынған тауарлар Алатаудың ар жағына асып отырған.     Жамбыл облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен жиыннан  Қасымжан Байкүшіков жеткізеді.   

Жиын бастала салысымен-ақ, экспорттық бақылау қызметіндегі кеткен кемшіліктерді жіпке тізген Равиль Төлебаев, өңірдегі бақылау пункттеріндегі жағдайдың ушығып тұрғанын жеткізді. Мониторинг барысында Кірістер департаменті ұсынған ақпарат негізінде, «Қарасу» өткізу пункті арқылы 53 автокөлікті тіркемей өтуіне жол берген экспорттық бақылау басқармасының 17 қызметкеріне қатысты тексеру жүргізілмей, қатаң сөгіс түріндегі жазаға тартумен шектелгендігі, осы қызметкерлердің теріс қылықтарының себеп- салдары зерделенбегендігі анықталды.

 Равиль Төлебаев ҚР СЖҚІҚА ЖО бойынша департамент басшысының орынбасары

Өңірдегі шекаралық пункттердің біразынан кез- келген көлемде мұнай өнімдері түрі, соның ішінде бензин, дизельдік отындар сыртқа тасымалданған. Бұл тауар Қордай ауданындағы Қарасу, Ауқатты, Сары-төбе Меркі ауданы Сыпатай батыр, Жамбыл ауданындағы Айша бибі шекаралық өткізу пунктері арқылы ,Қырғызстан республикасына өткендігі белгі болған.

Равиль Төлебаев ҚР СЖҚІҚА ЖО бойынша департамент басшысының орынбасары

 

Бұған қоса, мониторингпен аталған қызметкерлерге бюджеттен іссапар шығындары, сондай-ақ қосымша ешқандай ақы төленбеген. Мұндай жағдай, өз кезегінде қызметкерлерге қолайсыздық туындатып, жемқорлықтың пайда болуына жол ашатыны белгілі, дейді құзырлы орган өкілдері.

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар