ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАУЫНГЕРЛЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

19:19, 12 тамыз 2019

Моңғолияда өткен халықаралық «Арафт»  ат спорты марафоны өз мәресіне жетті. Шет елдік атты әскерилер арасында өткен байрақты бәсекеге ел намысын қорғауға аймақтағы 91\678 әскери бөлімінің сайып қырандары аттанған еді.

Шекара асып, шалғай барып, аттың құлағында ойнаған   жамбылдық жауынгерлер бұл жолы олжалы оралды. Саңлақ сарбаздармен тілдесіп қайтқан Аян Ермекұлы әңгімелейді.

Айта кетейік, халықаралық «Арафт» марафоны Моңғолия елінде басату алған жаңа дода. Ал, осыдан бес ай бұрын жарысқа  әскери бөлімнің белді жігіттері жасақталған болатын.   Тұрақты дайындық пен төзімділіктің арқасында олар жүлделі екінші орынмен оралып отыр. Қатысушылардың айтуынша  марафон қиынға соққан. Өйткені, моңғолдық тұлпарларды баптап, оның тілін түсіну  біраз уақытты қажет еткен көрінеді.

Байқау екі кезеңнен тұрған. Бірінші, «Жылқы марафоны» . Онда  қатысушылар таулы және орманды аймақтарда 130 шақырымдық жолды бағындыра отырып, түрлі кедергілерден өтіпті. Ал, екінші кезеңде - «Қысқа арақашықтық үшін аралас эстафетаны» бағындырып, жеңіске жеткен.

Атты әскерлер сайысында бәсеке өте жоғары болған. Тек, жарыс қожайындарына жол берген жамбылдықтар дайындықтарын ары қарай шыңдай түсуге ниетті.

А.Ермекұлы, Т.Терлікбай « Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар