ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАУЖҰМЫР ЖИНАУ БАСТАЛДЫ

18:44, 8 қазан 2019

 

Облыста ауыл-аймақты дамытып, шаруасын ширатып отырған жандар аз емес.  Олар бүгінде кәсіппен айналысып, нәсіпке кенелудің жолын тапқандар. Мәселен, Жуалы ауданында картоп өсірумен айналысатын азаматтар көп. Мұнда дәл қазір  жиын-терім науқаны қызып тұр. Өнім көл-көсір, диқанның көңілі тоқ.   

Ала жаздай тынбай еңбек етіп, тер төккен ауыл адамдары биылғы түсім жаман емес екенін айтады. Мүмкіндік болса ендігі жылдан бастап өңірде картоптың жаңа түрін өсірмекші. Ол үшін диқандар соңғы үлгідегі технологиялардың көмегіне жүгініп көрмек. Әріптесіп Аян Ермекұлы  Жуалы жеріне барып, жаужұмыр жинау жұмысын  көріп қайтты.

Бұл - «Әли» шаруа қожалығы. Картоп өсірумен  9 жылдан бері айналысып келеді. Алғашында 15 гектар жерді игерумен бастаған қожалық жетекшісі, өнімін жылдан-жылға  ұлғайтқан. Үздіксіз ізденіс нәтижесінде,  60 гектар жер аумағына картоп егіп, қазір табысқа кенеліп отыр.   

Кәсіпкер науқан уақытысында ауыл, аудан тұрғындарын жұмыспен қамтиды. Биылғы маусымда мұнда 50-ге жуық адам еңбек етіп, нәпәқаларын табуда. Олардың ішінде зейнеткер Лейла апай да бар. Ол жұмысының өзіне жайлы екенін айтады. Тіпті, жыл сайын осында келіп қыстың қамын да жасап алатын көрінеді.

Ал, әзірге жиналған картоп Тараз, Шымкент қалаларына жөнелтілуде. Сонымен қатар, биыл Армения сынды мемлекеттер де Жуалы жеріндегі картопқа қызығушылық танытып жатқанға ұқсайды. Егер түсім көлемі артып жатса, ішкі нарықтан бөлек, шет елге де экспорттауға мүмкіндік бар  дейді шаруашылық  жетекшісі.  

Келер жылы «Әли» шаруа қожалығы картоптың жаңа түрін өсіруге ниетті. Әзірге, мұнда бұл өнімнің Аладин, Крона түрлері жерсіндірілген.  Енді, заманауи технология көмегімен жаңа сұрыпты картоп ойлап табылатын болса, науқан уақытысында нарықта сұраныс арта бермек.

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...