ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАҢА КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

15:20, 10 маусым 2019

Жазушы әрі журналист Мақұлбек Рысдаулет биыл 70 жаста.  Осыған   орай  «Өрелі сөзді өрнектеген» тақырыбында конференция өтіп, онда жазушының жаңа туындысының тұсауы кесілді. 

Шараны облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков пен Сұлушаш Құрманбекова ашып, қаламгердің шығармашылығына табыс тіледі.

Қазақ әдебиеті мен журналистикада өзіндік қолтаңбасы  бар Мақұлбек Рысдаулет бейнесі бүгінде көпке таныс. Өйткені, осы күнге дейін құнды кітаптар авторы атанып, оқырманға тың деректер беруден еш жалықпаған.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сондай-ақ, архивтерді ақтарып, тарихтың ашылмаған парақтарын қағаз бетіне қайта түсіріп жүрген қаламгердің   еткен еңбектері баршылық. Бұл туралы  конференцияға жиылған замандастары кеңінен әңгімеледі.

Талғат  АЙТБАЙҰЛЫ ЖАЗУШЫ

Сонымен қатар, Мақұлбек Рысдаулеттің  «Конфискация» кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға ұсынылды. Ал, шара соңында қаламгерге арнайы сый-сияпаттар табысталып, конференция естелік суреттерге түсумен қорытындыланды.

А.Ермекұлы,  Н.Құдияр                                     «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
20:54, 11 қараша 2019
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
20:52, 6 қараша 2019
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...