ШҰҒЫЛ! ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ Толығырақ

ЖАЗУШЫНЫҢ ЖАҢА КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

20:26, 10 маусым 2019

Жазушы әрі журналист Мақұлбек Рысдаулет биыл 70 жаста.  Осыған   орай  «Өрелі сөзді өрнектеген» тақырыбында конференция өтіп, онда жазушының жаңа туындысының тұсауы кесілді. 

 Шараны облыс әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков пен Сұлушаш Құрманбекова ашып, қаламгердің шығармашылығына табыс тіледі.

 Қазақ әдебиеті мен журналистикада өзіндік қолтаңбасы  бар Мақұлбек Рысдаулет бейнесі бүгінде көпке таныс. Өйткені, осы күнге дейін құнды кітаптар авторы атанып, оқырманға тың деректер беруден еш жалықпаған.

Бекболат ОРЫНБЕКОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сондай-ақ, архивтерді ақтарып, тарихтың ашылмаған парақтарын қағаз бетіне қайта түсіріп жүрген қаламгердің   еткен еңбектері ерен. Бұл туралы  конференцияға жиылған замандастары кеңінен әңгімеледі.

Талғат  АЙТБАЙҰЛЫ ЖАЗУШЫ

Сонымен қатар, Мақұлбек Рысдаулеттің  «Конфискация» кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға ұсынылды. Ал, шара соңында қаламгерге арнайы сый-сияпаттар табысталып, конференция естелік суреттерге түсумен қорытындыланды.

А.Ермекұлы,  Н.Құдияр                                     «Жаңалықтар қызметі»

 

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
19:05, 20 қыркүйек 2019
СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
18:43, 18 қыркүйек 2019
ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
 «JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
20:00, 18 қыркүйек 2019
«JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
Толығырақ...