ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТАН ЖАЛТАРҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ –ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ НЕГІЗІ

20:30, 13 маусым 2018

2018 жылы Жамбыл облысының меншігіндегі 9 нысан бәсекелес ортаға беріледі. Қазіргі таңда бұл қазыналық кәсіпорындарға бағалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін қаржы басқармасының өкілдері  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  баяндады.

2017 жылы облыс бойынша бәсекелес ортаға жататын 37 ұйымның тізбесі бекітілген. Оның 2 еуі таратылып, 10 ұйым сенімгерлік басқаруға берілген. Ал, жекешелендіруге жоспарланған 22 ұйымның 13-і сатылған. Ол облыстық бюджетке 1 млрд, 950 млн теңге кіріс әкелген.

Гамлет ҚАЙНАРБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /2018 жылы бәсекелестік ортаға берілді. Олардың ішінде «Жамбыл жылу», «ТЭЦ», «Айша бибі» санаторийі бар.Сондай-ақ, «Шу сервис» ЖШС, Сарысу ауданындағы «Көгалдандыру және көріктендіру» мекесі де бар  /

Жекешелендіру жергілікті бюджетке қаржы түсірумен қатар, облыстағы бизнестің дамуына серпін береді. Алайда, сенімгерлік басқаруға берілетін  мекемелердің жұмыс сапасы қаншалықты жақсарады, негізсіз жұмыстан босату, жалақы мөлшерін төмендету сынды мәселелер орын алмай ма?

Гамлет ҚАЙНАРБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /Комиссия бар, олардың жұмыстарын тұрақты қадағалап отырады. Жекешелендіруге берілген мекемелер белгіленген уақытта есеп береді.

Былтыр кейбір нысандар тым арзан бағаланған еді. Сол себепті ол мекемелерді сенімгерлікке беру жұмыстары тоқтатылған болатын. Осы ретте бұл жұмыстар қаншалықты заңға сәйкес жүргізіліп жатыр деген ой келеді.

Гамлет ҚАЙНАРБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ /Бұл процедуралардың барлығы заң жүзінде жүргізіліп отыр, электрондық порталға тіркелген. Барлығы заңға сәйкес/

Жалпы, облыста жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары тұрақты орындалып келеді. Осыған сәйкес ведомствоға бағынышты ұйымдарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, кезең-кезеңмен ол нысандар да бәсекелес ортаға берілетін болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР  ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 13 тамыз 2018
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...