ШҰҒЫЛ! ЖҮЙЕСІЗ ҚҰРЫЛЫСҚА КІМ ЖАУАПТЫ? Толығырақ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ – ЖОЮ МІНДЕТ

19:29, 17 шілде 2019

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро облыстық департаментінің өкілдері Тараз қалалық көліктің бақылау инспекциясының қызметкерлерімен кездесіп, сыбайластық сипатында орын алатын қылмыстардың алдын алу жөнінде жиын өткізді.

Өйткені, бүгінгі таңда ұлттық бюро облыстық департаментіне Тараз қалалық көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің іс-қимылдарына байланысты арыз-шағымдар жиі түсетін болған. Ол тіпті, полиция өкілдерінен кейінгі екінші орынға шығып отыр. Күні кеше, Тараз қалалық көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысына қатысты пара алу дерегі бойынша іс қозғалғаны да белгілі болды.   Жиында ұлттық бюроның облыстық департамент өкілдері сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу керектігін айтып, профилактикалық іс-шараларды күшейтуді тапсырды. Инспекцияның әр қызметкеріне қылмыстық әрекетке бармас бұрын, отбасы мен бала шағасын бар екенін ескеріп, қоғамды жемқорлық індетінен тазартуға ат салысуға шақырды.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА   ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
18:52, 17 қыркүйек 2019
ЖОЛ НЕГЕ ҚАЙТА-ҚАЙТА ЖӨНДЕЛУІ КЕРЕК?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
18:57, 11 қыркүйек 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ҚАРИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ
Толығырақ...