Жемқорлыққа қарсы мониторинг

19:15, 19 мамыр 2017   173

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониториг және ішкі талдау жүргізу. Бүгін осы тақырыпта ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдасуымен оқыту семинары өткізілді. Оған түрлі мекеме-ұйым қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Елбасының биылғы халыққа арнаған Жолдауы және жақында ғана жарыққа шыққан «Рухани жаңғыру» атты мақаласында сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту керек делінсе, көп нәрсе қоғамның белсендігіне  байланысты. Демек, жемқорлықтың алдын алудың алғышарты ретінде ең әуелі қоғамдық түсінікті өзгертіп, құқықтық сананы нығайту керек. Бүгінгі өткізіліп отырған жиынның да түп мақсаты да осыны негізделеді.

Қасымхан Төлендиев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  жалпыұлттық қозғалыс»  республикалық қоғамдық  бірлестігі облыстық  филиалының директоры

/Мүлдем төзбеушілік атмосферасын қалыптастыруымыз керек. Сыбайлас жемқорлық бар жерде даму болмайды. Ал біздің міндетіміз дамыған елдердің қатарына кіру. Сондықтан бұл жолда бірігіп күресу керек/

2015 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сай кез-келген мекеме  парақорлықпен күресу үшін ішкі талдау жүргізіп, оны өздерінің әлеуметтік желілерінде  жариялау керек. Семинар барысында ішкі талдауды жүргізу жолдары, қойылатын талаптар мен міндеттемелер, құқықбұзушылық пен заңбұзушылық орын алғандағы әрекет жайлары кеңінен айтылды.

Дәурен Омаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы

/Бұл дегеніміз мекемелер өзара күресу, құқықбұзушылықты жою емес, заңбұзушылықты анықтау емес, бұл профилактикалық іс-шаралар болып табылады/

Басқосуда жең ұшынан жалғасып тұтастай қоғамның дертіне айналған ерсі әрекеттің алдын алу қағидалары талқыланды. Сонымен қатар, жиын барысында елімізде қабылданып жатқан салаға қатысты кейбір нормативтік-құқықтық актілердің олқы тұстары жайында да сөз қозғалып, мамандарға сауалдар жолданды.

 

Гаухар Рысбай, Ермек Асаубаев «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40