ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖӘРДЕМАҚЫСЫЗ-АҚ ЖАН БАҒУҒА БОЛАДЫ

18:56, 7 қазан 2019

Бүгінгі бала –  ертеңгі ел болашағы. Жас ұрпақтың жарқын өмірін қалыптастыру ол әуелі ата-ананың жауапкершілігінде. Елімізде әрбір баланың оның ішінде көпбалалы отбасылардың ұл-қыздарының алаңсыз өсуіне мемлекет тарапынан да  барынша жағдайлар жасалуда.

Тараз қаласында 8153 көпбалалы ана бар. Оның ішіндегі 3204 ана «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері. Аталған  тізімдегі және көмекке мұқтаж жандарға биылғы жылдан бастап Президент тапсырмасымен арнаулы әлеуметтік көмектер берілуде. Сонымен қатар, оларды жұмыспен қамту мәселесі де жыл санап оң шешімін тауып келеді.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Тараз қаласында арнаулы әлеуметтік көмек алуға 12894 отбасы ниет білдірген. Олардың тұрмыстық жағдайы зерделеніп, бүгінде 7598 жанұяға 37 млрд 027 млн теңге тағайындалды.

Айгүл САПАРАЛИЕВА,ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Аталған көмекке лайықты деп саналғандардың бірі Қалымбетовтар отбасы. Отағасы мемлекеттік көмекке ғана қол жаймай, балаларының ырзығы үшін күн-түн демей түзде жүреді. Ал, «Алтын алқа» иегері Ардақ Жантаева балаларының қамын жасап, үйде ұл-қызының тәрбиесімен айналысады. 7 баланы мәпелеп отырған жанұя көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмектің барлығы қолжетімді,  дейді.

Ардақ ЖАНТАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА

Арнаулы көмек шынайы мұқтаж жандарға ғана беріледі. Мәселен, Қадіровтар отбасында да 7 бала бар. Олар бұл жәрдемақыны алмайды. Бермедің деп, ешкімге өкпе артпайды. Есесіне, ел қатарлы еңбек етіп, сүйікті істерімен айналысуда.

Салтанат ҚАДІРОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА

Биыл сондай-ақ Президент жарлығымен 500 мыңға жуық қазақстандықтың банк алдындағы берешектері өтелді. Бұл қолдауға 39233 Жамбылдық қол жеткізді. Оның басым бөлігі көпбалалы аналар. Отбасылық құндылықты қалыптастырудың жарқын үлгісін көрсетіп отырған аналар қолдауларға дән риза.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...