ШҰҒЫЛ! ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА Толығырақ

Жергілікті атқарушы органдар мен шетелдік инвесторлар арасындағы ынтымақтастықты нығайту

22:00, 14 шілде 2017

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында ел экономикасына шетелдік инвесторларды тартуға ерекше көңіл бөліп келеді. бүгінгі күні Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту және шетелдік инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау аса маңызды.  «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы да елімізге инвестициялар тарту саласындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруда. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары бойынша бірыңғай үйлестіруші орталық ретінде жұмыс істейді.Компанияның аймақтық өкілдігі жергілікті атқарушы органдар мен шетелдік инвесторлардың жұмысын ұйымдастырып, жүйелендірумен айналысады.  Бұдан бөлек, өз жобасын жүзеге асыруды көздейтін компанияларға қолдау көрсетіп, салаға қатысты туындаған мәселелерді шешуге көмек береді.

Рамазан  Ыбырайымов, «Kazakh invest» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша аймақтық директоры

/«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының аймақтық өкілдері ҚХР, Иран, Жапония, Индия, Ресей, Ұлыбритания, Германия елдерінен келген шетелдік инвестор компанияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Қазіргі уақытта Жамбыл облысының аумағында орналасқан компания инвесторларымен туындаған мәселелерді шешіп, жобасын жүзеге асырамын деген азаматтарға қолдау мен жан-жақты кеңестер берілуде. Ұлттық компанияның аймақтық өкілдігі «Бір терезе» қағидасы бойынша инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейінгі толық қызмет шоғырын қолдауды қамтамасыз етеді./

 

Тақырып бойынша материалдар

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
13:10, 20 сәуір 2018
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:30, 16 сәуір 2018
ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
20:30, 16 сәуір 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
Толығырақ...