ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ЖЕТІМ БАЛАЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

18:43, 10 маусым 2019

Байзақ ауданында бір үйдің жетім қалған 4 баласы баспаналы болды. Қайырымдылық қорынан түскен қаржыға аудан орталығындағы Сарыкемер ауылынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты.

Игі істі атқаруға  Эльмира Ешниязова есімді әлеуметтік желі белсендісі ұйытқы болған. Ол өзінің желідегі парақшасына балалардың жағдайы туралы ақпарат жазып, халықтан қаржылай қолдау көрсетуін сұраған.Нәтижесінде көпшіліктен  5 млн қаржы жиналып, балалардың үй алуына септігін тигізіп отыр.

Эльмира ЕШНИЯЗОВА – ҚАЙЫРЫМДЫ ЖАН

Ал, аналарынан ерте айырылған балалар қазіргі таңда нағашы әжелері яғни Күлбакира Алтынбекованың қамқорлығында. Бірнеше жылдан бері жалдамалы пәтерден пәтерге көшіп жүрген әже мен балалардың қуанышында шек жоқ. 5 бөлмелі үйдің кілтін алған  Күлбакира Алтынбекова көмек қолын созған жанға алығыстан басқа айтары жоқ.

Күлбакира АЛТЫНБЕКОВА - БАЛАЛАРДЫҢ ӘЖЕСІ
Осылайша  неше жылдан бері  үйсіз жүрген  балаларға баспаналы болу бақыты бұйырды.Айта кетейік, соңғы кездері елімізде жомарт жүректі жандардың қатары көбейіп келеді.
К.Шәмші,  Мерей Сардаров ЖҚ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар