ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

Жібек жолы бойындағы сұхбат

23:22, 8 қазан 2015

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай  көне Тараз шаһарында түрлі мәдени, маңызы зор ғылыми конференциялар өткізілуде. Соның бірі –  кеше ғана Алматыдан бастау алған «Жібек жолындағы сұхбат» атты халықаралық жиын бүгін біздің өңірде жалғасын тапты. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен тарихшылар, шет елден ғалымдар және түрлі ұлт өкілдері қатысты.

Ұлы жібек жолындағы келелі сұхбат. Бұл Орталық Азия аймағындағы  халықтарды жақындастыра түсетін халықаралық жоба.  Біздің елімізде бұл бастама 2007 жылдан бастап Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Президеенті жанындағы «Қоғамдық келісімнің» іске асуымен жүзеге асып келеді. Міне, ауқымы зор, салмақты жиын бүгін біздің өңірде алғаш рет ұйымдастырылуда.

Әміржан Әлпейсов

Л.Гумилев атындағы атындағы ЕҰУ профессоры /Бұл бастама осыдан 10 жыл бұрын қоғам қайраткері Мұрат  Әуезовтың бастамасымен қолға алынды. Содан бері міне, 10 жыл бойы осы басқосуға жиылып келеміз. Мақсат – орта Азия елдері арасындағы  халықтарды жақындастыра түсу, дүниежүзілік мәселерді айта отырып, оның шешілуіне өз үлесімізді қосу. /

Ұлы Жібек жолы әлемнің 65 елінің шекарасын басып өтеді. Оның басым бөлігі Қазақстан жерін бойлай созылып жатыр. Бұл ретте, тоғыз жолдың торабында орналасқан көне Тараз қаласы да үлкен маңызға ие. Сондықтан басқосуда екі мың жылдан астам тарихы бар,   бүгінде  гүлденген көне шаһардың кешегісі мен бүгінгісі сөз болды.

Георгий Кан

ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың мүшесі /Қазір Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтуде. Ол Таразда өтуде. Сондықтан бүгінгі басқосу осы тақырыпқа арналды. Алыс-жақын шет елден келген қонақтарға біз тарихымыздың тереңнене бастау алатынын көрсете отырып, олардың біздің өткенімізді зерттеуге қызығушылық туғызуымыз қажет. Қазір жиынға өзбекстан, тәжікстан, қырғызстан, ресей елдерінен тарихшылар қатысуда. /

М.Көпбосынова

Тілші: «Жібек жолы бойындағы сұхбат» биыл 10 жыл қатарынан өтіп келеді. Бұл басқосуда Орталық Азия елдерінің халықтары өзара ортақ пікір алмаса отырып, түркі тілдер халықтардың мәселелерін қозғайды. Бүгін келелі басқосуға жиылғандар іс-шарадан соң көне Тараз жерін аралап, өтіп жатқан тарихи тойдың куәсі болмақ деп жоспарланып отыр.

Мархабат Көпбосынова, Е.Құдияр

«Жаңалықтар қызметі». 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар