ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ БЕР - ӨМІРДІ САҚТА!

20:27, 12 тамыз 2019

Кез- келген жүргізуші, жедел және арнайы қызметтердің көлігіне  дыбыстық сигналмен келе жатқанда, жол беруге міндетті. Дегенмен, ережені ескере бермейтіндер де баршылық.

Осы мәселеге назар аударған «Жамбыл адалдық алаңы» өкілдері  арнайы акция ұйымдастырды. «Жол бер, өмір сақта» атты іс шара туралы Нәзима Дәрменқызы.  

КӨЛІККЕ ЖОЛ БЕРІЛІП ЖАТҚАН СӘТ

Жарты сағат. Осындай қас қағым сәтте 3 көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. Себеп, арнайы қызмет көлігіне жол бермеген.

 - Бәрібір заң бұздым ғой. Былайда, былайды. Айып етпеңіздер енді, жігіттер!

Енді сандар сөйлесін. Естеріңізге салсақ, сәуір айында алғаш өткен шарада 1 сағат көлемінде 15 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл жолы оның саны 3. Салыстырсақ, ережеге бағынбау фактілері төмендеген.

Қайрат МЕКЛИСОВ «ЖАМБЫЛ АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ

Ұмытпаңыз, жол үстінде әр секунд адам өмірін сақтау үшін маңызды. Ал, жол беру азаматтық парыз, заң алдында жауапкершілік!

Назима Дәрменқызы, Нұрлыбек Құдияр «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар