Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы

15:54, 14 қараша 2017

БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, 15 қарашада өңірімізде Жол қозғалысы құрбандарын еске алуға арналған іс-шаралар басталды. Осы орайда, Жамбыл облыстық Ішкі істер департаменті жергілікті полиция  қызметінің ұйымдастыруымен «Жол қозғалысының қауіпсіздігі апталығы» акциясыөткізілді.

Баспасөз конференциясы барысында Жамбыл облыстық  Ішкі Істер депратаменті қызметкерлері апта ішінде жоспарланған іс-шаралары туралы баяндады. Соның ішінде, балалар мен студенттер арасында жолда жүру ережесін түсіндіру үшін түрлі байқаулар өтіп тұратындығы айтылды. Бұл ретте, тәртіп сақшылары да жоспарлы түрде түрлі жарыстар ұйымдастырып полиция қызметкерлері апатты жағдайда көмек көрсету мақсатында қан орталығында келіп қан тапсырған. Барлық іс-шаралар жол-көлік апаттарының қазіргі мәселелеріне назар аударуға бағытталған. Өйткені, бүкіл әлемде жыл сайын жол ережесін бұзған 1,2 миллионнан астам адам мерт болса, 20-дан 50 миллионға дейін адам жарақат алады.

Қуанышбек Калжанов, Жамбыл облыстық Ішкi iстер департаментінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімінің басшысы

Іс-шаралар басында Республика көлемінде Ішкі істер департаменті мемлекеттің нұсқаулығымен осы іс-шаралар жүргізіп жатырмыз. Бұл іс-шара тек қана биыл ғана емес жыл сайын жүргізіліп жол апатында мерт болған адамдарды еске алу, олардың отбасыларына көмек көрсету.Сондықтан біз осындай іс-шараларды өткізіп жатырмыз..

Жолда жүру ережесіне сәйкес алғашқы іс-шаралардың бірі «Қамқор ана» байқауы болды. Сайыс ережесіне сәйкес,  жолдан өтіп келе жатқанда жаяу жүргіншілердің жеке қауіпсіздігі үшін қарсы бетке жарық шағылыстырғыш құралдарды қолданып өтуі керек. Байқауда бақ сынаған №54 орта мектептің оқушыларының  аналары өздерінің балаларыныңжарық шағылыстыру құралдарымен безендірілген киімін қазылар алқасына ұсынды.

Ләззат Зарқұлова, ата-ана

Баламның денсаулығын сақтау және оны қорғау ата-ананың ең бірінші міндеті деп білемін. Сондықтан да мұндай іс-шаралар міндетті түрде ары қарай жалғасын тапса, қатысып өз көмегімізді беруге міндеттіміз деп есептеймін.

Кейде көлік жүргізушілері   түнде жол үстінен өтетін жаяу жүргіншілердің барлығын бірдей  байқай бермейді. Осы себепті, алдын ала сақтық іс-шаралары ұйымдастырылуы керек,-  дейді тәртіп сақшылары. Қазақстанда бір жылда жол апатынан 200-ге жуық бала көз жұмып, 4,5 мыңнан астамы жарақат алған.

Нұртаза Шоқтаев, Ильдар Гизатуллин, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
19:14, 22 қараша 2017
Адвокаттық қызмет пен заңгерлік көмек қолжетімді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
18:57, 17 қараша 2017
«Jambyl» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды
Толығырақ...
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
14:00, 16 қараша 2017
Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көкжиегі
Толығырақ...