ШҰҒЫЛ! «ОҚУШЫ АРЛАНЫ» ТУРНИРІ Толығырақ

ЖОЛДА ЖҮРУ МӘДЕНИЕТІ – ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ

23:02, 14 мамыр 2019

Тараз қаласындағы көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер арасында түсіндірме  жұмыстары жүргізілді.  Бұл шара Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл  департаменті және жергілікті  жол полиция қызметі бірлесе жүзеге асуда. Оған арнайы шақыртылған қоғамдық бақылау өкілдері де қатысты.  Жұмыс барысында тұрмыстық жемқорлықтың алдын алып, оны жоюға бағытталған ақпараттық үнқағаздар мен парақшалар таратылды.

Ел аузында «зебра» аталып кеткен  арнайы жолақтардан өтпей, тыйым салынған жол ортасынан кесіп өту, көлік терезесіне пердешелер ілу, көлікте отырып қоқыс лақтыра салу. Міне, әр азамат аса мән бере бермейтін заң бұзушылықтар осы! Рейд барысында анықталған мұндай заң бұзушылықтарға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Равиль Төлебаев ҚР МҚІСЖҚІА Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

Әрбір екінші жол көлік оқиғасы жаяу жүргіншіні қағып кету салдарынан туындайды. Мамандардың айтуынша, өңірде  2019 жылдың 4 айында  125 көлік оқиғасы тіркелген.  Сондай-ақ, шамамен 10  адам көз жұмып, 130 – ға  жуығы түрлі  жарақат алған. Бұл ретте тек, жүргінші  ғана емес, мүгедек арбасындағы азаматтар, велосипед, самокат тізгіндегендер де бар.  

 Жанна Папина – қоғам белсендісі

Біліп жаса, білмей жаса, заң ортақ! Жолда рұқсат етілмеген жерден өтсеңіз, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Дегенмен, бұл жерде ескеретін мәселе барлық жерде  бірдей жүргінші жолағы жоқ. Ал, 6 метр жолдың арғы бетіне өту үшін 60 немесе 600 метр жерді ешкімнің айналып жүрмесі анық.   «Жамбыл адалдық алаңы» жобалық кеңсесі түсіндірме жұмыстарын жиі ұйымдастыратын болады.

Назима Дәрменқызы, Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
22:08, 13 мамыр 2019
ФУТБОЛДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ Х ТУРЫ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...