ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

ЖОМАРТ ЖАНДАР

18:47, 13 тамыз 2019

Байзақ және Қордай аудандарында жақсылық жасап, елдің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар «Жомарт жүрек» деп аталатын шарада түрлі наминациялар бойынша марапатталды. Осылайша Елбасының « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Атамекен» кіші бағдарламасынан туындаған міндеттерге қолдау танытып, руханиятты жандардыруға ұмтылған жандарға ерекше құрмет көрсетілді.

Қайырымдық жасау – ұлы қасиет. Жүрегінің жылуы мол азаматтар жақсылық жасауға бейім тұрады. Міне бүгін туған өлкенің дамуына үлес қосып, ізгілікті істен қалыс қалмай, қолында бар мүмкіндікпен бөлісіп жүрген жандарға құрмет көрсетіліп, салтанатты шара өткізілді.

Төлепберген Сейтқадыров- КӘСІПКЕР

Дәл осындай іс-шара Қордай ауданында да өтті. Мұнда да жомарт жүректі, туған жеріне ыстық ықыласын білдірген, ізгі істерді бастап, қайырымдылық шараларға белсенді қатысып жүрген аудан азаматтары марапатталды.Ағайынға болысу, әлсізді демеу, жасы кішіні қолдау – азаматқа тән мейірімділік пен кеңдіктің көрінісі. Бұл өз ретінде өз кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, туған өлкенің дамуына үлес қосып жүрген жанашыр азаматтарды дәріптеу арқылы жастарды елжандыққа тәрбиелейді.

Еламан Мәңкеұлы, Мерей Сардар «жаңалықтар қызметі».Байзақ ауданы

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар