ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖОМАРТ ЖҮРЕК -2019

19:40, 18 қазан 2019

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-кұрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Әсіресе, «Туған жер» бағдарламасы бұл бағыттағы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады» деген еді. расында, бұл бағыттағы жұмыстар нәтиже де беріп үлгерді.

Тараз төрінде  «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты құттықтау іс-шарасының мақсаты халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға шақыру. Сонымен жыл таңдауы кімдерге бұйырды екен? Тілшіміз Райхан Шәлібекқызы тарқатсын.

Сәні мен сымбаты жарасқан салтанат сарайында жыл таңдауы жасалды. Облыстық деңгейде «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреатына лайық деп бес үміткер таңдалып алыныпты. Тегін емес әрине. Жылдар бойы тағдыр тауқіметін тартып, көмекке зәру жандарға қйырымдылық жасап келген атымтай жомарттар.

Сұлушаш ҚҰРМАНБЕКОВА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ/ Сөз сөйлеген жерінен/

Мерейі тасыған «Жомарт жүрек» сыйлығының иегерлері қатарында: «Арайсторймаркет-2003» ЖШС директоры Арман Еділбаев «Жыл меценаты», Қордайлық жеке кәсіпкер Сәрсебек Салыбаев «Туған өлке», Паралимпияда чепмпионы Зульфия Ғабидулина «Жыл тұлғасы», «Кафосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Еркендір «Жылдың үздік ұйымы», ал «Өркен-Ниет» қоғамдық қорының төрағасы Сағдат Айнабеков  «Ерен еріктілік» номинациясына лайықты деп танылды.

Сәрсебек САЛЫБАЕВ ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

Сағдат АЙНАБЕКОВ «ӨРКЕН-НИЕТ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл жүлдеден әлеуметтік маңызы бар жобаларды, қайырымдылық акцияларды жүзеге асырған, көмек берудің тиімді түрлерін ұсына білген қоғамдық ұйымдар да шет қалмады. "Жомарт жүрек-2019" атымтай жомарт жандардың еңбегін елеп, оларды марапаттауға арналған шара өнерпаздардың концертімен аяқталды.

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...