Жуалы ауданында баспасөз туры өтті

16:00, 14 шілде 2017

Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастырумен Жуалы  ауданында да баспасөз туры өтті.  Журналистер аудандағы бірқатар өндіріс орындарымен, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік нысандармен танысты.

БАҚ өкілдері ең алдымен Жуалы ауданындағы «Аягүл» балабақшасының жұмысымен танысты. Мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында 2014 жылы бой көтерген бөбекжай 280 балаға арналған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған логопедиялық пункт, 2 сауықтыру тобы бар. Оқу-тәрбие жұмыстары Елбасының үштілділік саясатына орай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мамандар да жеткілікті. Бала-бақша 100 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Гаухар Махамбетова, «Аягүл» балабақшасының меңгерушісі

/Біздің балабақшада «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бйоынша келіп, жұмыс істеп жатқан мамандар бар. Жетістіктеріміз көп. Республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүрміз. /

Одан соң журналистер «Бурное сүт компаниясы» ЖШС –де болды. «Бурный сүт компаниясы» табиғи ірімшіктер мен сарымай өндіретін отандық зауыт болып табылады. Ол 1951 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша зауыт 4,5 тонна сүт өңделіп, 248 тонна ірімшік, 106 тонна сары май, 2,3 тонна ультрапастерленген сүт өндірген. Зауыт ірімшіктер түрін арттыруды сондай-ақ, екі сүт қабылдау пунктін ашуды көздеп отыр.

Әбдібек Пошқаев, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-нің басшысы

/Біз тек ішкі өнімді пайдаланамыз. Қазір өнімдер Қазақстанның барлық қалаларына тасымалдануда. /

Бұдан бөлек журналистер назарына «Мешелова» сүт өңдеу зауытында болды. Тәулігіне 40 тонна сүт өңдейтін зауыт өнімдерін Тараз,Астана, Алматы қалаларына тасымалдайды.  Одан соң БАҚ өкілдері «Әлібек» шару қожалығында болды.Жеке кәсіпкер Қалдарбеков Шаяхмет мал бордақылаумен айналысып келеді. Қазір шаруаның 110 бас  малы бар. 55 сауын сиыр, 45 қойы, 2 асыл тұқымды жылқысы бар. Мал басын көбейту үшін  мемлекеттен субсидия алып отырады.

Шаяхмет Қалдарбеков, жеке кәсіпкер

/Басында 5 сиырым болған. Содан бері мінекей мал басын көбейттім. Ауылдың 5 адамын жұмыспен қамтып отырмын. /

Сондай-ақ БАҚ өкілдері Қызыларық ауылдық округінде орналасқан 150 оқушыға арналып салынып жатқан мектептің құрылысымен танысты. Мектеп келер жылы қолданысқа беріледі. Одан соң журналистер назарына Нұрлыкент ауылында орналасқан мал бордақылаумен айналысып, шұжық өндіретін «Гамбург» ЖШС ұсынылды. Жоба құны 5,6 млн тг құрайды. Ағымдағы жылдың  5 айлық қорытындысы бойынша  72 тонна шұжық өндірген. Шаруа қожалығы 10 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Шаруа қожалығының басшысы қожалықты екі есеге ұлғайтып, мал басын көбейтуді жоспарлап отыр.

Рахымғазы Құниязов, Жуалы ауданы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы

/Бұл қожалық егін егумен де айналысады. Өздерінің сүттерінде Меркіге өткізіп тұрады.Сондай-ақ ет өңдейтін цехы бар. /

Бүгінгі уақытқа дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында Жуалы ауданында атқарылған жұмыстар аз емес. Ауданның өнеркәсіп, ауылшаруашылық саласы қазіргі таңда қарқынды дамудың үстінде.

 

Шырайлым Болатбекқызы, Ғалымжан Есенбаев, «Жаңалықтар қызметі», Жуалы ауданынан 

Тақырып бойынша материалдар

Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
20:22, 25 қыркүйек 2017
Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
Толығырақ...
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
19:38, 25 қыркүйек 2017
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
Толығырақ...
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
19:36, 25 қыркүйек 2017
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...