ШҰҒЫЛ! ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ Толығырақ

ЖУАЛЫДА ЕКІ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

19:07, 22 мамыр 2019

Жуалы ауданында жағымды жаңалық. Қасиетті Рамазан айында «Бауыржан Момышұлы» қайырымдылық қоғамдық қорына қаржы салған кәсіпкерлер, көп балалы аналарға баспана тарту етті. Бұл туралы алдағы бейнематериалда.

 Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны Қалипа Еділбаева 6 қыздың анасы. Көп балалы отбасының басты мәселесі баспана еді. «Бурное Солар» күн электр станциясының бас директоры Нұрлан Капенов өз қалтасынан қоғамдық қорға ақша аударып, көпбалалы отбасыға 2 қабатты тұрғын үйден үш бөлмелі пәтер тарту етті. Қуаныштан көзіне жас алған Қалипа ана жомарт жүректі кәсіпкерге алғысын білдірді.  

Қалипа ЕДІЛБАЕВА – КӨПБАЛАЛЫ АНА

Мұнан өзге тағы бір отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Мадияр мен Алима Күреңбел ауылының тұрғындары. Бұл күн 5 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасының көптен күткен арманы еді. Кәсіпкерлер мен ауыл азаматтары бірлесе жиған қаржыға Күреңбел ауылынан 25 соттық жер телімі бар тұрғын үйдің кілті 8 баланың ата-анасына табыс етілді.

Мадияр ДӘУЛЕТБАЕВА – АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Алима САРЖАНОВА – КӨПБАЛАЛЫ АНА

Осылайша Қасиетті айда Жуалы ауданынында екі отбасыға баспаналы болу бақыты бұйырды. Қуаныштан көз жасына ерік берген жандарды аудан әкімі мен бірқатар саланың жауапты басшылары құттықтады.

Н.Сембеков «ЖҚ» Жуалы ауданы

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
19:05, 20 қыркүйек 2019
СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
18:43, 18 қыркүйек 2019
ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
 «JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
20:00, 18 қыркүйек 2019
«JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
Толығырақ...