ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – МАҢЫЗДЫ БАҒЫТ

21:03, 6 наурыз 2019

Адамды адам ететін – еңбек. Еліміздегі түзету мекемелерінде отырған жазасын өтеушілердің 80 пайызы еңбекке қабілетті, жас шамалары 40-тан аспайтын азаматтар. Егер олар тұрақты жұмыспен қамтылса, еліміздің ішкі жалпы өнімі өсіп, еңбек өнімділігі едәуір еселенері сөзсіз. Жамбыл облысында жазасын өтеушілер қаншалықты жұмыспен қамтылған? Әріптесім Данияр Асқарұлы Тараздағы ең қатаң режимдегі калонияға барып, темір тордың арғы жағындағылардың жұмысын көріп қайтты.

 Бұл Тараз қаласындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты қатаң режимдегі 158/7 мекемесі. Мұнда қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқандардың саны 650-ге жуықтайды. Ал, олардың 400-ге жуығы еңбекке жарамды және осында жұмыс істеп жатыр. Мәселен, Алмаз  Ахметов    ұзақ мерзімге бас бостадығынан айырылғандардың бірі. Қолынан іс келетін елу адамды қасына жинап, ұлттық ою-өрнекпен әрлеген астау жасайды.

Алмаз Ахметов / Жазасын өтеуші

Жазасын өтеушілер мұнда тек астау ғана емес, бөдене өсіріп, арнайы киімдер мен қатар таза былғарыдан аяқ киімдерді де тігеді. Түзету мекемесіне Тараздағы 13 кәсіпкер тіркеліп осындағы бас бостандығынан айырылғандарды жұмыспен қамтып отыр. Еңбек ақыларын өз отбасыларына жібереді және керек жарақтарына пайдаланады.

Берік Бекбергенов / Жазасын өтеуші

2017-ші жылдан бері сотталған азаматтардың барлығын жұмысқа орналастыру үшін құзырлы органдар бірқатар іс- шараларды қолға алды. Тағдыр жазуымен түрме тіршілігін көріп жатқандарды еңбекке тарту, оларды түзетудің тиімді жолы екені анық.

Мейірғали Рақышев / ЖД 158/7 түзету мекемесі басшысының міндетін атқарушы

Жаза басып, жаңылғандарды қоғамға бейімдеп, еңбекке баулу түзету мекемелерінде соңғы жылдары мықтап қолға алына бастады. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Данияр Асқарұлы

Ғалымжан Есенбаев  «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...