ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ - МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

20:30, 16 мамыр 2018

Заман талабына сай қажетті білім алған, бәсекеге қабілетті жастарға еңбек нарығында сұраныс көп. Бірақ, жас мамандар жұмысқа орналасуда түрлі қиындықтарға тап болып жатады. Бірі өндірістік тәжірибеміз жоқ десе, енді бірі мекемелердегі бос орындардың барынан хабарсыз. Мемлекет бұл бағытта «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын ұсынып отыр. Қазір өңірде осы арқылы тұрақты жұмысқа орналасқан жастардың қатардың артып келеді.Қолында қос дипломы бар, бірақ, жұмыссыз жүрген жастарды тұрақты қызметке орналастыру – өзекті мәселе. Жамбыл ауданында биыл 2700-ден аса адамды мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша жұмыспен қамту жоспарланған. Бүгінде олардың біразы тұрақты қызметке орналасты.

Асқар Жанқоразов – Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

Аталған бағдарламаның шарапатын көрген жастың бірі – Қаламқас Шәріпбай. Қазақ гуманитарлық заң университетінің түлегі. «Жұмыспен қамтудың» 3-ші бағыты бойынша аудандық қазынашылық бөліміне жастар практикасына жолданған.

Қаламқас Шәріпбай – жас маман

2018 жылдың сәуір айынан бастап осында іс жүргізуші болып қызмет атқарамын. Жұмысым өзіме ұнайды. Көңілімнен шығады./

Биыл Қаламқас секілді 162 жас маман «жастар тәжірибесі» бойынша түрлі мекемелерге жолданған. Жергілікті билік  жұмыссыз азаматтарға қазынадан 100 млннан аса қаражат бөліп отыр. Қаржы мақсатты игерілсе -  әлеуметтің әлеуеитін жақсартуға сеп болары анық.

А.Бектас

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
20:30, 17 қазан 2018
БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
Толығырақ...
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
20:30, 17 қазан 2018
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар