ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ НЕГІЗГІ МІНДЕТ

19:05, 18 маусым 2020

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы Таразда жоғары деңгейде орындалуда. Бұл туралы бүгін шаһар басшысы Айтқазы Қарабалаев брифингте баяндады.

Мәселен, «жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 389 жобаны қаржыландыруға 16 млрд. 965,8 млн. теңге қаржы қарастырылды. Нәтижесінде қаладағы еңбек нарығына да сұраныс артып 405 тұрақты және  5 666 уақытша жұмыс орындарымен қамтылмақ.

Қазір осы мақсатта 389 жоба мақұлданып, қалада жұмыс басталып та кеткен. Екі қолға бір күрек іздеген азаматтарға адалынан нан табуға мүмкіндік туып отыр.  «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тараз қаласы бойынша жоспарланған 389 жобаның конкурсы өткізіліп, 14 млрд. 231,2 млн.теңгеге 347 жобаның жеңімпаздары анықталған.

Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы қаладағы бірқатар мәселені шешкен. Шаһардағы  163 көпқабатты үйлердің алдындағы аулаларды,  96 көше мен 4 көшенің жолдары мен  тротуарларына  жөндеу жүргізілуде. Жол салу, саябақтарды абаттандыру жұмыстарының барлығы да осы бағдарлама арқылы бөлінген қаражатпен жасалуда.

Айтқазы ҚАРАБАЛАЕВ – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Алдағы уақытта Таразда «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешенінің  құрылысын жалғастыру және «Әулиеата» ескерткішінің аумағын абаттандыру, магистралдық- коммуникациялар желісі және  Оқушылар Сарайының құрылысы жүргізілетін болады. Сондай – ақ, қазір «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін қайта жаңғыртудың екінші кезеңі басталып кетті. Жоспар бойынша  ескі бекініс жөнделіп, кешен шекарасы кірпіштермен қаланған қабырғамен қоршалады. Ондағы бақылау алаңдары мен қамал аллеямен жалғасып,  облыстың тарихи нысандары мен жәдігерлердің макеттері орналасады.

Ш.Мұратбекұлы, М.Асқар «ЖН»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар