ШҰҒЫЛ! ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІКТЕРІ Толығырақ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС - БАСТЫ НАЗАРДА

15:08, 10 қаңтар 2019

Еліміздегі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған бағдарламасы көптеген тұрғындардың өз ісін ашуына сеп болуда. Мәселен, Жуалы ауданында өткен жылы осы мемлекеттік бағдарлама арқылы жүзден астам адам өз кәсібін ашқан.

Қазақстанның қарқынды дамып, ең озық отыз елдің қатарына қосылуының тағы бір алғышарты – жұмыссыздықпен күрес. Бүгінде бұл өзекті мәселенің оң шешімін табуы үшін мемлекетте түрлі бағдарламалар қабылданған. Соның бірі – «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылдарға арналған бағдарламасы». Осы бағдарлама арқылы Жуалы ауданында өткен жылы екі жарым мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Сәбитхан Қожанов / Жуалы аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы

Аталған мемлекеттік бағдарламаның екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Жаңа бизнес идеяларын іске асыру үшін бағдарлама аясында өткен жылы аудандағы үш азаматқа қайтарымсыз көмек қаржы берілген. Солардың бірі Азамат Садықов. Ол өз үйінің жанынан көлік жөндеу орнын ашқан. Заман талабына сай қажетті қондырғылармен жабдықтаған азамат алдағы уақытта кәсібін ұлғайтуды көздеп отыр.

Азамат Садықов / Ауыл тұрғыны

Бұдан бөлек, өз кәсібімді ашамын немесе кеңейтемін деген 200-ден астам тұрғынның 112-не өткен жылы 4 млн теңге көлемінде несие берілген.

Данияр Асқарұлы

Нұрлыбек Құдияров

«Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ  ҚАЙРАТКЕРІНІҢ  РУХЫНА ТАҒЗЫМ
14:16, 14 қаңтар 2019
МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІНІҢ РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Толығырақ...