ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС – ЕЛ ДАМУЫНА ҮЛЕС!

15:16, 17 маусым 2019

Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы Тұрар Рысқұлов ауданында сәтті жүзеге асуда. Өз кәсібінен нәсібін тауып, мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырғандармен тілшіміз Ш. Мұратбекұлы сұхбаттасып келді.

Жұмыссыздықпен күрес – ел дамуына үлес! Тұрар Рысқұлов ауданында «Еңбек» бағдарламасының шапаратын көріп отырғандар аз емес. Сөзімізге дәлел, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша екі қолға бір күрек таппай жүрген 165 азамат кәсіптік оқыту бойынша білім алған. Ал, келесі топпен 65 адам оқытылады деп жоспарланып отыр. Бағдарламаның екінші бағыты яғни жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауданда 30 азамат несие алып, өз кәсбін дөңгелетіп отыр.

Сапар ҚҰЛМАНОВ – Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

Фарида Жақсымбет жоғары оқу орнын бітіріп, туған жерді түлету мақастында Т.Рысқұлов ауданына келген. Өз достары мен жақындарынан «Еңбек» бағдарламасының бар екенін естіп, өз құжаттарын өткізіп көреді. Нәтижесінде аудандық  «Құлан таңы» газетіне жұмысқа орналасады.

Фарида ЖАҚСЫМБЕТ – Аудандық «Құлан таңы» газетінің тілшісі

Ал, Аялуым Ахметова   Құлан ауылшаруашылық коледжінде үш айлық аспаздық курсын оқуда. Келгеніне көп уақыт болмаса да өз ұстаздарынан көп нәрсе үйргенгенін айтады. Ендігі мақсаты - курсты бітіріп, өзінің жеке кулинариялық студиясын ашу.

Аялуым АХМЕТОВА – Білім алушы

Осылайша,   жұмыссыз жүрген жастар өз қалаған жұмысына орналасып, жаңадан кәсіпкерлікті бастайм дегендер өз кәсбінен - нәсібін тауып отыр. Бұның өзі мемлекеттік бағдарламаның ауданда жоғары деңгейде іске асырылып жатқанын көрсетеді.   

Ш. Мұратбекұлы, Р. Сандыбаев «ЖҚ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар