ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

16:09, 1 тамыз 2019

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында Шу ауданында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық.  Мәселен: жыл басынан бері ауданда 963 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы екі қолға бір күрек тауып отыр.  Мақсат, халықтың әл ауқатын арттырып, жұмыссыздықты жою. Толығырақ Айбол ҚАРАШ айтып береді.

Биыл Шу ауданында 151 жас маман жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Соның ішінде Темірлан Қазақбай есімді мына азамат жұмысын «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында  бастаған. Бүгінде ондағы филиал консультанттары мен мамандары Темірланның жауапты қызметкер екенін айтып отыр. Аз уақытта ұжымға сіңіп үлгерген жас маман енді аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы қызметіне үміткер ретінде құжатын өткізіп қойыпты.

Темірлан ҚАЗАҚБАЙ ЖАС МАМАН

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бірінші бағыты азаматтарды қысқа мерзімде кәсіптік оқытуға арналған. Бұл бағытта қазір Шу ауданында табысты жұмыс жүргізіп жатқан орталық «Мар-Нұр» серіктестігі. Онда қазір 7- мамандық бойынша 191 адам тіркеліп, шаштараз, аспазшы, тігінші секілді мамандықтарды оқып жатыр. Мұнда барлық жағдай жасалып отыр дейді қатысушылар.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша Шу ауданында биыл 143 азаматқа 601,6 миллион теңге несие беру жоспарланған. Бүгінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында 4 азамат ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қорынан 16 млн. теңге несие алды. Бұл шаруалар үшін үлкен көмек болды.

Садықбай КӨПБАЕВ ШУ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Мемлекеттік бағдарламаға қатысып, несие алған азаматтардың бірі Бірлік үстем ауылының тұрғыны Сәкен Ибрагимов. Ол жоғарыдағы қаржы ұйымынан алты пайызбен алған 3 миллион 500 теңгеге 95 бас тоқты сатып алып, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға ниетті. Мал бағу ата кәсібіміз. Атам да, әкем де мал баққан. Енді мен де әкемнің жолын қуып, қой шаруашылығын қолға алып отырмын дейді шаруа.

Сәкен ИБРАГИМОВ БІРЛІКҮСТЕМ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Жаппай кәсіпкерлікті дамытып, халықты нәтижелі жұмыспен қамту жұмыстары мемлекеттік саясат арқылы жүргізіле береді.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
20:52, 20 қараша 2019
БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ  ЖЕТІСТІГІ
21:40, 15 қараша 2019
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАС ТАЕКВАНДОШЫЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Толығырақ...