ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖҮРЕКТІ КҮТУДІ ҚАЗІРДЕН БАСТА!

19:30, 1 қазан 2019

 

Жамбыл облысында созылмалы жүрек жеткіліксіздігі сырқатымен 1777  адам есепте тұр. Ал артериялық гипертониямен ауыратындардың саны тіпті көп: 71431 жан. Алаңдататыны, жыл өткен сайын бұл ауру жасарып барады.

Дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда.  Бұл дерттің алдын алу маңызды дейді мамандар. Дүниежүзілік жүрек күнінде Таразда арнайы акция ұйымдастырылып, тұрғындар  тексеруден өтті. Маман кеңесін алды.

Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасымен 2011 жылдан бері  Дүниежүзілік жүрек күні атап өтіледі. Деректерге сүйенсек, жүрек және қан тамыры аурулары әлемде өлімге душар ететін дерттердің тізімін бастап тұр. Сондықтан бұл күні жүрек-қантамыр ауруларының өсімімен байланысты қоғамдағы қауіпті түсінуге, сондай-ақ халықтың барлық тобында ишемиялық аурулар мен ми инсультына қатысты профилактикалық шаралар жүзеге асырылады.

Бейсенбай ТӨЛЕБЕКОВ – ҒЫЛЫМИ-КЛИНИКАЛЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жеңіс саябағында өткен акцияға қала тұрғындары көптеп қатысты. Медицина мамандары келушілерге түрлі кеңес беріп, жүрек-қан тамырлары айтты.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, жүрек-қан тамыр аурулары және инсульттың пайда болуының қауіпті факторларына - жоғары қан қысымы, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейінің қалыпты болмауы жатады екен. Темекі шегу, көкөністер мен жемістерді жеткілікті тұтынбау мен артық салмақ аталған дерттің қоздырғыштары қатарында. Сондықтан,  аурулар мен оларды дамытатын қауіп факторларын ерте анықтау үшін  тұрақты медициналық тексеруден өтіп тұру  керек дейді мамандар.  

Тақырып бойынша материалдар

"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
19:12, 22 қараша 2019
"ПАРАСАТТЫ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
19:21, 18 қараша 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ
Толығырақ...