ШҰҒЫЛ! ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ НӘТИЖЕЛЕРІ

14:58, 10 қаңтар 2019

Жамбыл облысында  халықты ауыз сумен қамту көрсеткіші 53 пайыздан асты. Ауылды – аймақтардағы 370 елді мекеннің 199-на таза ауыз су жүйесі тартылып отыр. Ал, қаланы қоса есептейтін болсақ өңірдегі 1 млннан аса халықтың 70 пайыздайын қамтиды. 

2018 – жылы 10 елді мекенге ауыз су желісі жүргізілсе, биыл бұл бағытқа тағы 3,4 млрд теңге бөлініп отыр.  

Бұл Тоғызтарау ауылы. Мұнда  су құбыры тартылып, 85 үйдің 837 тұрғыны таза тіршілік нәрін тұтынуға мүмкіндік алып отыр. Мұндай қуаныш Пригородное ауылына да былтырғы Тәуелсіздік мерекесінде бұйырыпты. Сумен қамту жүйесін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, 62 шақырым су құбыры тартылып отыр. Мердігер компания межелі мерзімнен 1 жыл бұрын жұмысты аяқтап, жергілікті халыққа тарту жасады.   

Талас ауданы Қызыләуіт ауылы бұрын ескі құдықтың суын пайдаланып келген-ді. Сапасына да кепілдік жоқ болатын. Енді, елге ауыз су беруге  436 млн. теңге жұмсалды. . Нысан аумағында 50 текше метр су қорын жинайтын су мұнарасы, сыйымдылығы 300 текше метрге шақталған 2 жер асты су қоймасы орналасқан. 2 шақырым қашықтықтағы арнайы ұңғымадан жеткен су мұнда сүзгіден өтіп, ауылға беріледі.

 Ал, Көптерек ауылдық округіне қарасты Кеңес ауыл тұрғындары да  көптен күткен қуанышқа жетті. Ауладағы құдықтың ащы суын қанағат қылған  халық, таза су тұтынуға мүмкіндік алды. Мемлекет қазынасынан 43 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалған су ғимараты  1 жыл ішінде аяқталып, ел игілігіне берілді.

Ауқатты ауылындағы жаңартылған сумен қамту жүйесі де  тұрғындардың талайдан бергі арманы болған еді. Жаңа Нысанда екі резервуар, екі сусорғыш стансасы мен ультрасүзгімен залалсыздандыру ғимараты, сондай-ақ су кернеуіш мұнара орнатылған. 100 метрлік тереңдіктен шығатын судың сапасында мін жоқ. Тұрғындарды таза ауыз сумен қамту кезек күттірмес мәселенің бір.  Бұл бағытта биыл тағы 10 елді мекенге таза ауыз су желісін жеткізу жоспарланып отыр.  

А. Тілеуханқызы, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

 «JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
20:00, 18 қыркүйек 2019
«JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
Толығырақ...
ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
18:43, 18 қыркүйек 2019
ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРТЕҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛАДЫ
21:21, 12 қыркүйек 2019
ЕРТЕҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...