ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ИНВЕСТИЦИЯ ИГІЛІКТЕРІ

19:30, 16 қаңтар 2019

Қазақстан Республикасы экономикалық даму саясатының негізгі бағыттарының бірі инвестиция тарту болып табылады. Жамбыл өңіріне индустриаландыру картасы аясында өткен жылы 10 млрд. теңге инвестиция тартылып, 481 жаңа жұмыс орындары ашылған. Осындай ірі нысанның бірі Сарысу ауданындағы «Асыл тұз» зауыты.

Өткен жылы Сарысу ауданына тартылған ең ірі инвестициялық жобаның бірі «Асыл тұз» серіктестігі. Табиғи ас тұзын өндіретін зауытта қазір 60 адам жұмыс істеп жатыр. Жобаны жалпы құны 720 млн. доллар. Бұл Сарысу жеріндегі «Казфосфат» пен «Еурохим» компанияларынан кейінгі үшінші осындай ірі жоба болып отыр. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасымен қаржыландырылған.

Болатбек ЖАНҚЫЛЫШОВ «АСЫЛ ТҰЗ» ЖШС ӨНДІРІС БАСШЫСЫ

Сарысу жеріндегі тұздың мол қорын тиімді пайдалану жөнінде бұрыннан айтылып жүрген. Себебі, мұнда қазірдің өзінде төрт ірі тұз кендері бар. Бұрын игерілмей жатқан осы кеніштерді тиімді пайдалану мақсатында ауданға «Асыл тұз» серіктестігі келіп, қазір ас тұзын өндіру үшін жұмыс істеп жатыр.

Гүлжан КӨШКІНБАЕВА ТҰЗ ҚАЛТАЛАУ ЦЕХЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ

Жаңа «Асыл тұз» зауытында барлығы да автоматтандырылған. Жұмыс жеңіл болу үшін мұнда Украина мен Ресейден әкелінген құрылғылар қойылды. Өндіріс орынының тұз сақтайтын өз қоймасы да бар. Бүгінде тұзды Жамбыл облысынан бөлек, Қарағандыға, көрші республикаларға экспорттап жатыр. Күніне 70 тоннадан астам тұз шығарады.

Балабек НАРБАЕВ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі кезде 200 шақырым қашықтағы Жайлаукөл немесе Шығанақ жеріндегі кен орындарынан тұз тасып жатқан серіктестік, алдағы уақытта жақын жерлердегі тұз кендерін барлау, игеру жұмыстарын бастамақшы. Шикізат көбейсе, зауыттың да өндіріс қуаты артады дейді жауаптылар.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...