ШҰҒЫЛ! ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

15:15, 10 қаңтар 2019

Өткен жылдың басында Жамбыл облысында кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласын дамыту үшін арнайы жол картасын әзірлеу керектігі айтылған болатын. Осыған байланысты облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Атамекен» палатасы өңірлік филиалымен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде, өңірдегі бизнес өкілдерінің өресі кеңейді. 

Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасына сай «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы облыстық филиалы Әулиеата жерінде жұмыс істеп тұрған 628 кәсіпорынды анықтап, олардың 445-інде проблема жоқ деп шешкен. Ал, 32 – серіктестік қаржыландыруды қажет ететін кәсіпорындар ретінде жоспарға енді. Бұл аймақ басшысы атап көрсеткен жол картасы шеңберінде жүзеге асырылыған негізгі шаруаның бірі болатын.  

Мәріпбек ШӘКЕРБЕК «АТАМЕКЕН» ПАЛАТАСЫ ЖОФ ТӨРАҒАСЫ  

Осыған байланысты жыл бойы облыс басшысының қатысуымен бірнеше кездесулер өтті. Онда Асқар Мырзахметов айтқан негізгі мәселесенің бірі кәсіпорындарды тек қаржыландырып қана қоймай, басқа да  проблемаларын анықтау. Сонда ғана өңір өндірісі өркендей түседі. Кәсіпкерлік саласын дамыту экономиканы әртараптандыру үшін қажет. Бірден зауыт немесе өндіріс соғуға ұмтылмай, өзіміздегі қолда бар өндіріс орындарының өнімділігін арттыру керек деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Жамбыл облысында 32- кәсіпкерлік нысаны таңдап алынып, оларды сауықтыру әрі әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Ал, былтыр жол картасына енбей қалған нысандармен жұмыс биыл да жалғасын табады. Себебі, кәсіпкерлік саласы облыс басшысы үшін күн тәртібінен түспейтін негізгі саланың бірі.

Айбол ҚАРАШЕВ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар