ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ КӨРМЕСІ

20:30, 14 қыркүйек 2018

Жыл мезгілдері. Дәл осындай атаумен Жамбыл облыстық көрме залында Қазақстан суретшілер одағының мүшесі  Рахат Сапаралиеваның қолынан шыққан туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Көрме қазіргі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін тың дүниелермен ерекшеленеді.

Суретшінің көрмеге қойылған 80-ге жуық жұмысы терең мазмұнымен және жарқындығымен баурап алады. Оның 20-сы қолдан жасалған дүниелер. Қылқалам шеберінің қолынан шыққан  ұлттық нақыштағы киізден жасалған бұйымдары –қуыршақтар мен  кәдесыйларда театр сахнасында қойылған спектакльдердің эскизі бейнеленген. Бүгінгі көрменің «Жыл мезгілдері» деп аталуының өзіндік мәні бар. Көрмеге қойылған картиналар еліміздің табиғат көріністері, дала мен қала тынысы, қыс пен жаз, көктем мен күздің қанық бояулары әрбір жанға ерекше көңіл-күй сыйлайтындай.  Айта кетейік, қолтаңба иесінің  жеткен жетістіктері де аз емес. 2015 жылы «Еңлікгүл»байқауының жыл суретшісі ,«Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, ал 2016 жылы мәдениет саласының үздігі атанған.

Рахат Сапаралиева - Қазақстан суретшілер одағының мүшесі

/Өзімнің айтқым келгені мұнда көбінесе мен қазақтың өмірін, қазіргі кездегі тұрмыс-салтын соларды көрсеткім келді.Қарапайым болсада күнделікті тіршіліктің әдемілігін көрсеткім келеді.осындай суреттер арқылы көрерменге қуаныш сыйлағым келеді./

Жүніс Әлімбеков  -Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актері

/Әрине талантты суретші, тек қана ол табиғатты емес, сонымен қатар, тарихи дүниелерге де өзінің салған қолтаңбалары бар.Оның осы жердегі бір-екі суретінен байқауға болады./

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...