ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛЫЖАЙДАН ӨНІМ ЖИНАЛА БАСТАДЫ

15:23, 4 маусым 2019

Жамбыл облысында  жыл санап жылыжай қатары артып келеді. Бұл жыл он екі ай өнім жинап, табыс табуға, ал тұтынушыларды  дәруменге бай көкөніс пен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  

Бұл бағыттағы шаруаны меркілік шаруалар да қолға алды.Т. Рысқұлов ауылына қарасты «Астрахан» шаруашылығы 30 сотық жерде кешендік жылыжайды жайқалтып отыр. ауданда жылыжай алқаптарын арттыра тұсу жоспарланып отыр.  

Меркі ауданының тұрғыны  Запаржан Тоқтыбаев аула маңынан 30 сотық жерге кешендік жылыжай салған еді. Ақпан айында егілген қияр жайқалып өсіп тұр. Өткен жылы бұл жерден 35- 40 тонадай көкөніс жиналыпты. Биыл шығымы жақсы, былтырғыдан да көрсеткіш жоғары болуы ықтимал дейді мұндағылар. Көктемгі дала жұмыстарының басталуына орай егістік алқаптармен қоса, елдің тыныс-тіршілігімен танысып жүрген аудан әкімі жылына екі-үш рет беретін кешендік жылыжайларға байланысты өз ойын ортаға салды. 

МЕЙІРХАН ӨМІРБЕК       /Меркі ауданының әкімі/

Жылыжай күн сәулесімен қоса, газбен жылытылады.  Тамшылатып суары жүйесі де енгізілген. Тиісті тыңайтқыштар дер кезінде беріліп тұр. Соның арқасында аз жерден көп өнім алуға мүмкіндік бар,- дейді шаруашылық жетекшілері.

ЗАПАРЖАН ТОҚТЫБАЕВ.   /шаруа/ 

Кешендік жылыжай салушыларға үкіметтің көрсететін көмекқаржысы бар.  Оның өзі шаруалардың қызығушылығын арттыра түсуде. Мәселен осыдан 3 жыл бұрын Меркі аудыны бойынша тек 3-ақ жылыжай болса, бүгінде олардың саны 20-дан асыпты. Бұл жерлерден өткен жылы 1мың тоннадан астам көкөніс жиналса, биылғы көрсеткіш одан да жоғары болады деп жоспарланып отыр.

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ САПАР БЕГАЛИЕВ «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар