ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

21:15, 15 мамыр 2019

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабында ғылыми-шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

 Онда Тоқаевтың сенімді өкілдері үміткердің өмір дерегі мен қызметтік өсу жолы жайында әңгімеледі. «Сатылап көтерілген әрбір дәрежесінде ол адами қасиетін, парасатын жоғалтқан жоқ», - дейді олар. Кездесу барысында қатысушылар да кандидат туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Және «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталатын сайлауалды тұғырнамасы төңірегінде сөз қозғалды. Аталмыш құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөніндегі мәліметтер көрініс тапқан. Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ  экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер де толық қамтылған. Сондай-ақ, басқосуда қоғамдық штаб өкілдері жиналғандарды 9 маусым күні өтетін сайлауға бір кісідей атсалысып, өз таңдауларын жасауға  шақырды.

 

 Әмзебек ЖОЛШЫБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Қ.ТОҚАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ

Ерқанат МӘНЖУОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ЖОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
19:37, 16 шілде 2019
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар